Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері
(қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі
арасындағы
2021-2023 жылдарға арналған
КЕЛІСІМ
Петропавл қ., 2021 жыл
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері
(қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық
бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған
КЕЛІСІМ
I бөлім. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің, жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтары, одақтары) және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына және ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге сәйкес әрекет ете отырып:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;
әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;
жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,
осы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:
1) әлеуметтік әріптестік;
5) экономикалық саясат;
2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
3) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;
4) әлеуметтік саясат;
6) Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау бағыты шеңберінде жасасты.
2. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
II бөлім. Әлеуметтік әріптестік
3. Тараптар жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің (жұмыс берушілер өкілдерінің), мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты.
Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңды әзірлеу арқылы әлеуметтік әріптестік институтын реформалау мәселелерін қарау;
2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;
3) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;
4) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) туралы жаңа Ережені қабылдауды көздейтін Республикалық комиссияны жаңғырту;
5) Республикалық комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақытылы және сапалы орындау;
6) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) рөлін арттыру;
7) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау туралы заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу;
8) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Тараптардың (жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің)
жұмыскерлердің әл-ауқатына және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді бірлесіп қарау құқығын көздейтін екіжақты әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;
III бөлім. Экономикалық саясат
4. Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономикалық саясатты дамытуға бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
1) экономикалық белсенділікті қолдауға және 2023 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жүргізу:
«ЖІӨ өсімі – 202 % (орта есеппен үш жылда);
инфляцияның нысаналы дәлізі – 103 %-105%;
еңбек өнімділігінің 23,8%-ға өсуі (2019 жылға қарай);
ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі – 32,8%;
2) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;
3) бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау:
мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;
қолжетімді банктік кредит беру көлемін ұлғайту;
4) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оған қоса:
инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
Мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алуға және жер қойнауын пайдаланушылардың реттелетін сатып алуына қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;
инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;
ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
заңнаманы «жасанды монополиялардың бұзылуы» қағидаты бойынша жетілдіру, монополияларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды қысқарту, сондай-ақ баға белгілеудің және монополиялар қызметтері мен тауарларын жеткізу тізбектерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
5) еңбекке ақы төлеу қорын ұлғайтуға жұмыс берушілерді ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыру.
Тараптар бірлесіп:
1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі шараларды пысықтауға;
2) импортты алмастыруды ынталандыруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салық-бюджет саясатын дамыту шараларын қабылдауға;
3) нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу мен бағалау жүйесін дамытуға;
4) әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қатысуы арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
5) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
6) озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
7) салалар мен өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесін қалыптастыруға;
8) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеуші озық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.
IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
5. Тараптар еңбек нарығын дамытуға және халық табысының өсуін арттыру үшін халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша жағдайлар жасайды;
2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;
3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;
4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;
5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;
7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;
9) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.
Тиісті қызмет салалары жұмыс берушілерінің бірлестіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және (немесе) салалық, өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын хабардар етеді және жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді хабардар етеді және жәрдемдеседі;
8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;
9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;
2) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, мониторинг және комиссиялардағы жұмыс арқылы олардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысады.
Тараптар бірлесіп:
1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту ел дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;
2) жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;
3) елде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,9 %-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
4) елде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесін 2023 жылға қарай 25% қамтамасыз етуге;
5) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдауу, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;
6) экономика салаларынбіліктікадрларменқамтамасызетуге;
7) еңбекресурстарыныңсапасы мен әлеуетінарттыруға;
8) жұмыспенқамтудыңжаңақұрылымынжәнежоғарыоқуорындарының, техникалықжәнекәсіптікбілімберудіңбілімсапасынжаңғыртудыескереотырып, кадрлардаярлаубойыншажүйелішараларқабылдауға;
9) мынадай:
ұлттықбіліктілікжүйесіндамыту;
кәсіптікстандарттардыәзірлеу;
ұлттықбіліктілікшеңберінбекіту;
реттелетінкәсіптертізбесінәзірлеу, қайтақараужәнебекіту;
жұмыстар мен жұмысшыкәсіптерініңбірыңғайтарифтік-біліктіліканықтамалығынжәнебасшылар, мамандар мен қызметшілерлауазымдарыныңбірыңғайбіліктіліканықтамалығынжаңғырту;
кадрлардыдаярлау мен қайтадаярлаудыңсалалықбағдарламаларынәзірлеу;
кадрлардысертификаттаужүйесінқалыптастыру;
кәсіптікбағдарлаужүйесіндамыту;
жұмыстанбосатылатынжұмыскерлердіөндірісішілікоқытудыжәнеозыңқыкәсіптікоқытудыдамыту;
кадрлардыңкәсібиұтқырлығымәселелерібойыншаконсультацияларөткізуге;
10) экономика салаларыбөлінісінде «Жаңакәсіптератласын» әзірлеуге, өзектілендіругежәнеқолдануғақатысуға.
11) «Еңбекжолы» республикалықконкурсынжәне «WorldSkills» кәсібишеберлікчемпионатынөткізугеқатысуғауағдаласты.
V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу
6. Тараптар қолайлы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
1) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін жетілдіреді;
2) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарайды;
3) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығыстарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарайды;
5) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;
6) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды және олардың жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады.
Тиісті қызмет салалары жұмыс берушілерінің бірлестіктері:
1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;
2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;
3) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;
4) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:
өндірістік жарақаттанудың алдын алу;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;
кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
6) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді.
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;
8) өндірістік салаларды ұйымдарында мыналарды зиянды еңбектің жағдайлары үшін арттыру коэффициенттерін.
Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері:
1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;
3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;
4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.
Тараптар бірлесіп:
1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, облыстық отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;
2) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:
әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;
ана ме баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;
балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;
әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;
басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға;
3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша:
еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;
өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
4) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;
5) еңбекті қорғауды басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу:
өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,2-ге дейін азайту;
ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
100%-ға дейін ұлғайту;
6) республика кәсіпорындарын «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыруға;
7) жұмыс беруші экономикалық дәрменсіз (банкрот) болған жағдайда жұмыскерлердің ақшалай өтемақы алуға құқықтарын қорғау жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау үшін консультациялар өткізуге;
8) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;
9) республиканың кәсіпорындарында:
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
10) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын мөлшерде, бірақ жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған білім беру ұйымдарында олардың жыл сайынғы оқуын өткізуге уағдаласты.
VI бөлім. Әлеуметтік саясат
7. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды олардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және мынадай әлеуметтік шешімдер қабылдау және іс-шаралар өткізу жолымен қабылдауға уағдаласты.
Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізу;
3) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 461 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы шеңберінде 2021 жылы жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін:
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлікке ерте шығуы туралы;
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлаған кезде жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау туралы;
- кәсіпорындағы еңбек өтіліне байланысты жұмыс берушінің жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан алып келген денсаулығына келтірілген зиянды өтеуі кезінде сараланған тәсілді қолдану туралы;
- жұмыс берушінің жұмыскерге (оның заңды өкіліне) өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде келтірілген зиянның бір жолғы өтемін төлеуі туралы;
- жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердің мөлшерін (регрестік төлемдер) тиісті біліктілігі (лауазымы) бойынша кәсіпорындағы (ұйымдағы) орташа жалақының өсуіне бара-бара арттыру туралы мәселелерді қарауға;
4) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;
5) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесуге;
6) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеуге белсенді қатысу;
7) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдауға;
8) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамытуға;
9) облыстық комиссияның отырыстарында әлеуметтік саясат моделін жаңғырту мәселелерін қарауға қатысу.
VII бөлім. Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау
8. Тараптар осы Келісім экономика салаларындағы ағымдағы фискалдық саясатты ескере отырып, экономика, еңбек, жұмыспен қамту және жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар мен шараларға бағытталған әлеуметтік әріптестіктің базалық құжаты болып табылатынына келісті және оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:
1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау мен облыстық комиссия отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) Келісімде жазылған уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау;
3) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануы тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;
4) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі облыстық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
5) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде облыстық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
6) салалық және өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауы тиіс;
7) Тараптардың әрқайсысы салалық, қалалық және аудандық деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;
8) Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәсілдер мен индикаторларға сәйкес лайықты еңбектің мақсаттары мен қағидаттарын ілгерілету:
16-58 жас аралығындағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі (әйелдер), 16-63 жаста (ерелер), %;
16-58 жас аралығындағы халықтың жұмыссыздық деңгейі (әйелдер),
16-63 жаста (ерлер), %;
NEET жастарының үлесі (15-28 жас), %;
жалпы жұмыспен қамтудағы бейресми сектордың үлесі, %;
өліммен аяқталған өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті), 0,03;
үй шаруашылықтарының жеке қаражаты есебінен қаржыландырылмайтын денсаулық сақтауға арналған шығыстар, %;
мектепкебармайтынбалалар (жастобынан% );
еңбек өнімділігінің индексі;
табыстарды бөлудегі теңсіздік;
тұтыну бағаларының индексі;
Экономикалық қызмет салалары бойынша жұмыспен қамту;
ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесі, %.
9. Кәсіптікодақ тардың аумақтық бірлестіктері өз өкілеттіктері шеңберінде кәсіптік одақтардың кәсіптік одақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін, кәсіптік одақ мүшелері үшін жасалған талаптар секілді, олардың жазбаша өтініштері негізінде білдіруіне жәрдемдесетін болады.
10. Келісімнің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жіберуші Тараптың жұмыскерлеріне, жұмыскерлеріне, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілерге, сондай-аққабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
11. Тараптар осы Келісімнің ережелерін, оның ішінде салалық, өңірлік келісімдердің және (немесе) ұжымдық шарттардың нормаларын орындау арқылы жүзегеа сырады.
12. Тараптар салалық және өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуі немесе Келісімге сәйкес жаңаларын жасасуы қажет.
13. Келісімнің орындалуын және әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарының жауапкершілігін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Келісім қабылданғанға дейін 2023 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалуы тиіс келесі кезеңге қолданылады.
15. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады, оны өзінің ресми Интернет-ресурсында орналастырады.
16. Келісім Петропавл қаласында 2021 жылғы «__» _________ Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ____ данада жасалды.
Осы Келісімге мыналар қол қойды:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің атынан:
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Сақыпкереев |
___________________ |
Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері атынан:
|
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Е. Нұрақаев |
___________________ |
Жұмыс берушілер бірлестіктері атынан:
|
«СҚО рестораторлары мен отельерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы С.Ш. Хамзин |
___________________ |
|
«Солтүстік Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ үйлестіру кеңесінің төрағасы С.П. Тимофеев |
___________________ |