Меню

Страницы

Статья

5 сұрақ. НАУРЫЗ

1. Егер аударым жасалынбаса БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарының жабылатыны жайында оқыдым. Қазiргi уақытта жұмыссызбын, демек, менiң шотым жабылады ма? Олай болса жинақтарым қайда кетедi?

«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекiтiлген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшiне енгенi туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бiр) ай өткен соң жабылады.

Осылайша БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның iшiнде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтiнiш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бiрақ қандай да бiр себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленiп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшiн жеке тұлғаға өтiнiштi рәсiмдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгiнудiң қажетi жоқ. Шот алғашқы жарна келiп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендiру зейнетақы жарнасын аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал қолданыстағы құжаттың деректемелерi мен өзге де деректемелерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледi.

Осылайша егер жеке зейнетақы шотында жинақтар болса, бiрақ уақытша толықтырылмаса, ол жүйеде қала бередi әрi оған инвестициялық кiрiс есептелiп отырады. Ешбiр жинағы жоқ шоттар ғана жабылады. Егер азамат жұмысқа қайта орналасса немесе бiрыңғай жиынтық төлемдi аударса, мұндай жағдайда жаңа шот бiрiншi жалақыдан бастап автоматты түрде ашылып, мiндеттi зейнетақы жарнасы есепке алынып, «бос» (жинақсыз) шоттың пайда болуына тұсау салынады. Ал жаңа шотқа аударым жасауға мүмкiндiк әрқашан да болады.

Сондай-ақ, барлық зейнетақы жинақтары төленген және аударылған шоттар, төленгеннен және аударылғаннан кейiн бiр ай бойы жарналар түспеген шоттар да жабылатын болады.

Егер жеке зейнетақы шотыңызда қандай да бiр жинағыңыз болса Сiздiң шотыңыздың жабылмайтынын жеткiземiз.

2. Өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды инвестициялық портфельдi басқарушы компанияларға аударғым келедi. Мұны қалай жасауға болады және қанша соманы аудара аламын?

БЖЗҚ салымшысы зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдi басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда алдымен өзiнiң жеке зейнетақы шотындағы жинақтарының жеткiлiктiлiгiн тексерiп алуы керек. Мұны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильдi қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы жинақтары ИПБ-ға сенiмгерлiкпен басқаруға мына жағдайда;

- салымшының нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмiр бойғы төлемдердi көздейтiн сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты жасалған жағдайда, салымшының шотындағы мiндеттi зейнетақы жарналары немесе мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берiлуi мүмкiн.

Салымшы өзiнiң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жеткiлiктiлiгiне көз жеткiзгеннен кейiн БЖЗҚ -ға жинақтарының белгiлi бiр бөлiгiн ИПБ-ға аудару туралы жазбаша өтiнiштi бере алады. Салымшыға сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқаннан кейiн де жеке шотында қалған жинақтарын ИПБ-ға сенiмгерлiкпен беруiне болады. БЖЗҚ жеткiлiктiлiк сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiнгi отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгi Ұлттық банктiң басқаруында қала бередi. Салымшының жеке зейнетақы шотындағы жинағының жалпы есебiн БЖЗҚ жүргiзедi.

3. Өз жинақтарымды жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беруден қауiптенемiн, сенiмдi ақтамаулары да мүмкiн. Оларды мен БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

Мiндеттi зейнетақы жинақтарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерiне инфляция деңгейiн ескере отырып,Ұлттық банктiң басқаруында болған сомаға ғана қолданылады.

Инвестициялық портфельдi басқарушының (ИПБ) пайдасына алынған зейнетақы активтерiнiң номиналды кiрiстiлiгi мен Заң талаптары және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгiнiң (ҚНРДА) нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес есептелген зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi деңгейiнiң арасында терiс айырмашылық пайда бола қалған жағдайда, аталған терiс айырмашылықты ИПБ өз капиталы есебiнен ҚНРДА бекiткен нормативтiк құқықтық актiге сәйкес тәртiп пен мерзiмде БЖЗҚ-ға қайтарады. Аталмыш ИПБ-да зейнетақы жинақтары сенiмгерлiк басқаруда болған салымшыға жылдың алдындағы жылдың соңында ақшаны қайтару жүзеге асырылады. Бұл ретте аталған сома салымшының БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

Кiрiстiлiктiң ең төменгi мөлшерi нарықта әрекет етушi ИПБ басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiнен есептеледi. Зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiгi мен орташа алынған кiрiстiлiгi туралы көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми интернет ресурсында ай сайын жарияланып тұратын болады.

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% -нан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекiтетiн болады және ол жылына көп дегенде бiр рет өзгеруi мүмкiн.

Зейнетақы активтерiн ИПБ-ның сенiмгерлiк басқаруына алғаш бергеннен кейiн салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзiнiң зейнетақы жинақтарын бiр ИПБ-дан екiншi ИПБ-ға сенiмгерлiк басқаруға беру туралы өтiнiштi жылына көп дегенде бiр рет беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктiң сенiмгерлiк басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенiмгерлiк басқаруына алғаш берiлгеннен кейiн екi жылдан ерте емес) өтiнiш беруге құқылы.

Салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн күнтiзбелiк 10 күн бұрын оның зейнетақы жинақтары инвестициялық кiрiстiлiк есебiмен Ұлттық Банктiң инвестициялық басқаруына (егер жинақтар осы мерзiмге дейiн ИПБ сенiмгерлiк басқаруында болған жағдайда) қайтарылады және зейнетақы жинақтарын кесте бойынша жүзеге асыру, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу немесе заңнамада қарастырылған өзге де мақсаттарға пайдаланылады.

4. Менiң ағам жинақтарды мерзiмiнен бұрын алуға өтiнiш бердi, оған бас тартылды. Ол тағы да өтiнiш бере ала ма?

Уәкiлеттi операторлардан келiп түскен бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға арналған өтiнiмдердi талдау нәтижесiнде мынадай негiзгi себептердi бөлiп көрсетiп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнiнде кеңестер беруге болады.

Бiрiншi себеп: салымшының уәкiлеттi операторға берген өтiнiшiнде алуға болатын соманың қате, оның iшiнде қолда бар зейнетақы жинақтарының мөлшерiнен асыра көрсетiлуi.

Ұсыным: қолжетiмдi сома туралы мәлiметтердi қоса алғанда, өз зейнетақы жинақтары туралы өзектi ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильдi қосымшасында, egov.kz порталында) тiкелей уәкiлеттi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш берер алдында тексеру.

Екiншi себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн таңдау кезiнде алуға болатын соманың дұрыс көрсетiлмеуi.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезiнде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екi тәсiлдiң бiрiн таңдауға құқығы бар.

Бiрiншi тәсiл — ЖТС төлеудi кейiнге қалдырып, оны зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн (БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген кестесi бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екiншi тәсiл — салықты бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезде бiрден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсiлiн уәкiлеттi операторға беретiн өтiнiште көрсеткен жөн.

Екiншi себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн таңдау кезiнде алуға болатын соманың дұрыс көрсетiлмеуi.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезiнде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екi тәсiлдiң бiрiн таңдауға құқығы бар.

Бiрiншi тәсiл — ЖТС төлеудi кейiнге қалдырып, оны зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн (БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген кестесi бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екiншi тәсiл — салықты бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезде бiрден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсiлiн уәкiлеттi операторға беретiн өтiнiште көрсеткен жөн.

Егер салымшы ЖТС төлеудi кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдаса, онда өтiнiште алуға болатын соманы ЖТС шегерiмiнсiз көрсету қажет.

Егер салымшы ЖТС-тi толық көлемде бiрден төлеудi шешсе, онда ол өтiнiште алуға болатын соманы 10% мөлшерiндегi ЖТС-тi шегере отырып көрсетуi тиiс.

Екi сома да БЖЗҚ-дан берiлетiн үзiндi көшiрмеде салымшыға ыңғайлы әрi өз бетiнше таңдау жасау үшiн көрсетiлген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкiлеттi операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

Үшiншi себеп: салымшының өтiнiшiнде алуға болатын сома ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi есепке алынбай көрсетiлген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетiлген).

Ұсыным: өтiнiште салымшы БЖЗҚ-дан алған үзiндi көшiрмеде көрсетiлген және алуға қолжетiмдi соманы көрсетуi керек.

Төртiншi себеп: өтiнiште валюта бағамдарының немесе зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдары құнының өзгеруi нәтижесiнде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерiстер ескерiлмеген өзектi емес сома көрсетiлген.

Ұсыным: өзiнiң зейнетақы жинақтары туралы өзектi ақпаратты, оның iшiнде қолжетiмдi сома туралы мәлiметтердi бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға тiкелей өтiнiм берер алдында тексеру.

Бесiншi себеп: салымшы қайтадан, алдыңғы өтiнiмдi тағы да бердi.

Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ операторға кейiннен салымшының (алушының) уәкiлеттi оператор ашқан арнайы шотына есепке жатқызу үшiн бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын аударады.

Егер БЖЗҚ-дан уәкiлеттi операторға бас тарту себебi көрсетiлген, төлемдi аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келiп түспесе, онда салымшы жинақ сомасы оның арнайы шотына аударылғанша бес жұмыс күн тосып, уәкiлеттi операторға қайтадан өтiнiш бермей күте тұруы керек.

Естерiңiзге сала кетейiк, салымшының БЖЗҚ-да жеткiлiктiлiк шегiнен асатын сомасы болған кезде оны пайдалануға өтiнiш шексiз рет берiлуi мүмкiн. Егер қандай да бiр себеппен салымшыға бiржолғы зейнетақы төлемiн алуға арналған өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебiн жойып, уәкiлеттi операторға қайта өтiнiш беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлi мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда осы мақсаттарға алуға болатын сома шегiнде жекелеген өтiнiштер беруге болады.

5. Төлемдi есептеу Әдiстемесi өзгердi деп естiдiм. Ол ендi қалай есептелетiн болады?

БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру Әдiстемесiне 2-қосымша) ережелерiне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру Әдiстемесiне сәйкес 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың бiрiншi жылындағы зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерiнiң мөлшерлемесiне көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн болады — 6,5 %.

Одан кейiнгi жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесiне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетiн болады — 5%.

Мысал келтiрейiк:

ЗЖ сомасы = 6 000 0000 теңге

Бiрiншi жылдағы зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бiрiншi жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi: 390 000/12 ай =32 500 теңге;

Екiншi жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi: 32 500+ 32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан басқа, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру Әдiстемесiнде белгiлi бiр санаттарға жататын, яғни мерзiмсiз уақытқа белгiленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектiгi бар, сондай-ақ, жинақтары мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен кемiнде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстеген алушылар үшiн түзетiлетiн арттыру коэффициенттерi көзделген. Бұл ретте, жоғарыда көрсетiлген шарттардың бiреуiн ғана емес, одан да көбiн қанағаттандыратын тұлғалар үшiн ең үлкен мәнге ие түзету коэффициентi қолданылады.

Айта кету керек, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың аталған Әдiстемесi 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн iске асырған адамдарға зейнетақы төлемiнiң жыл сайынғы мөлшерi ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың жаңа Әдiстемесiне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейiн iске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдерi 5% мөлшерiндегi зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесiне ұлғайтылатын болады, ол кейiннен жыл сайын индекстелiп отырады.

Осылайша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың жаңа Әдiстемесi алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшелiктерiн ескередi, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берiлетiн жыл сайынғы төлемдер мөлшерiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн жүзеге асырылады.

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы