Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-ақпан айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-ақпан нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 48 521,3 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 9,7%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (68,3%), 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 33 162,4 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 13,0%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда тамақ өнімдерінің өндірісі 22 764,6 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 10,4%-ға, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 28,1%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 15,1%-ын алатын машина жасау саласында 5 008,0 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпан көлемінен 8,3%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 1 246,8 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 1 074,1 млн. теңгеге шығарылды.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласындағы көлем 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары және 12 105,2 млн. теңгені құрады.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда сумен жабдықтау саласының көлемі 2 322,3 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 17,3%-ға жоғары.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 675 жұмыс орнын құра отырып, 10,2 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 20 277,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-ақпанда деңгейіне 97,0%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 17,5 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 102,8% құрады.

Сүт — 42,5 мың тонна (109,8%),

Жұмыртқа — 37,2 млн. дана (40,1%).

2021 ж. 01.3. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 455,6 мың бас (103,0%);

с.і. сиыр — 214,6 мың бас (104,5%);

қой мен ешкі — 423,8 мың бас (103,0%);

жылқы — 131,9 мың бас (103,6%);

шошқа — 192,1 мың бас (104,5%);

құс — 3 278,5 мың бас (73,0%).

Инфляция. 2021 жылғы 1 наурызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 29 952 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейі 1,5%-ға төмен.

Инфляция. 2021 жылғы қаңтар-ақпан айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 101,2% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 1,8%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,7%, ақылы қызметтердің бағасы — 0,8%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 23 080,6 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 112,2% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 49,4%), бюджеттік қаражат (30,6%), банк кредиттері (5,5%) және басқа қарыздық қаражат (14,5%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (43,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (22,6%), өнеркәсіп (19,6%), білім (6,1), көлік және қоймалау (5,3%).

Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда облыс аумағында жалпы ауданы 9 294 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 111,4% құрайды.

Сумен жабдықтау

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға — 4 983,1 млн. теңге (РБ — 4 151,7 млн. теңге, МБ — 831,4 млн. теңге). Игеру 20 млн. теңгені құрады. 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес негізгі қаржыландыру көлемі а.ж. мамыр айынан көзделген.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 799,1 млн. теңге. Игеру 485 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл — Ел бесігі» аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жергілікті бюджеттен — 161,1 млн. теңге.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) — 359,3 млн. теңге бөлінген.

2021 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-ақпанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5368 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 29,7%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-ақпанғы деңгейден 0,4%-ға жоғары.

2021 жылғы 1 наурызға 890 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3420 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1275 адам жіберілді.

2021 жылғы 1 наурызға 6489 азаматқа 93 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 7 млрд. 851,1 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 468,5 млн. теңгеден 464,5 млн. теңге немесе 99,2% игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 143,7 млн. теңге (ЖБ — 143,7 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 319,4 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 573,9 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 745,5 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 2021 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы облигациялық қарыз есебінен 1 535,7 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
  • Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхана салуға — 1183,8 млн. теңге;
  • Петропавл қаласында тез тұрғызылатын модульдік аурухана сатып алуға — 351,9 млн. теңге.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 399 шағын-орталық ( 5 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 468 бірлікті құрайды.

Білім беру жүйесін дамытуға 2021 жылы 95,2 млрд. теңге бөлінді.

2021 ж. 01.03. жоспардағы 13 883,7 млн. теңгеден игерілу 13 426,8 млн. теңгені немесе 96,7% құрады.

Барлығы 2021 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 8993,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

  • Петропавл қ., Пушкин к-сі, 85 Б мекенжайында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салуға — 6788,6 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 2036,6 млн. теңгеден игерілу 1961,5 млн. теңге құрады. Орындалған жұмыс актілерінің ұсынылмауына байланысты 75,1 млн. теңге игерілмеді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.

  • Петропавл қаласы Уәлиханов-Чкалов көшесі мекенжайында 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу — 100 млн. теңге.
  • Тайынша ауданы Тайынша қаласында 600 орындық мектеп салу — 1203,7 млн. теңге

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 4568,5 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 7,3 млн. теңгеден игерілу 7,3 млн. теңгені немесе 100% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2019 жыл

Қаңтар-желтоқсан 2020 жыл

Қаңтар-ақпан

2021 ж. 2020 ж. %

2020 жыл

2021 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

97,2

104,0

17,1

17,5

102,8

Сүт

мың тонна

566,6

597,8

38,7

42,5

109,8

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

807,7

558,4

92,7

37,2

40,1

Сыртқы сауда айналымы

Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 29,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 177,1%, соның ішінде тауарларды экспорттау — 26,4 млн. АҚШ доллары (2,3 есеге ұлғаю), импорт — 3,3 млн. АҚШ доллары (38,4%-ға қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 23,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Қытай (барлық экспорт көлемінің 46,5%), Ауғаныстан (16,8%), Бельгия (14,7%), Өзбекстан (6,6%), Польша (6,3%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 98,3%-ы немесе 26,0 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Германия (импорттың барлық көлемінен 42,9%), АҚШ (15,1%), Қытай (10,6%), Нидерланды (10,5%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 73,8%-ы немесе 2,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (6,4%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (5,8%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (4,0%-ы немесе 0,1 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 24,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 19,7%-ға артық, соның ішінде импорт — 18,6 млн. АҚШ доллары (4,1%-ға артық), экспорт — 6,0 млн. АҚШ доллары (2,2 есеге артық).

Дата публикации
29 марта 2021
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы