Меню

Страницы

Статья

Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есiк күнi»

2021 жылғы 17 наурыз

«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) iндетiне байланысты салымшылармен қазiр Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткiзу мүмкiн емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны кезектi рет виртуалды кеңiстiкте өткiздi.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегiмен үйiнен шықпай-ақ онлайн-iс-шараға қосылып, «Ашық есiк күнiне» қатыса алды.

Iс-шараның тақырыбы — «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтерi». Өткен 2020 жылы адамзаттың жаңа сынаққа тап болғаны белгiлi — бұл covid-19 коронавирустық iндетi. Бiрқатар карантиндiк шектеулер мен локдаун режимi қабылданды, осыған байланысты қызметтердi қашықтықтан, онлайн-форматта алу қажеттiлiгi өстi.

БЖЗҚ дамыған және дұрыс жолға қойылған электрондық технологиялардың арқасында алға қойылған мiндеттi атқара бiлдi және виртуалды кеңiстiкте көрсетiлетiн қызметтер көлемiн 92% дейiн жеткiздi. Бұл салымшыларға енгiзiлген шектеулерге қарамастан қажеттi қызметтердi алуды жалғастыруға мүмкiндiк бердi. Ал әзiрше ғаламтор әлемiн ендi ғана меңгерiп келе жатқан азаматтар үшiн Ашық есiк күнi өткiзiлдi. Бiздiң мамандар оларға жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға көмектестi, enpf.kz сайты мен мобильдi қосымшада зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi қалай қадағалауға болатынын көрсетiп, шарттардың деректемелерiн өзгертудi үйреттi, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыларын есептеп бердi.

Iс-шараға елiмiз бойынша көптеген адам қатысты, олардың әрқайсысы электрондық форматта өткiзiлген «Ашық есiк күнiне» ризашылығын бiлдiрiп, Қор қызметкерлерiнiң қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты түсiнiктi әрi қарапайым әдiстермен жеткiзе бiлетiндерiн атап өттi.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы