Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет саласындағы бақылау iс-шараларының қорытындылары
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2020 жылғы 24 ақпанда заңды күшiне енген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрiнiң м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 170 мемлекеттiк қызметтi көрсетедi.
Осы тоқсанда бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес 69 БI өткiзiлдi, 2-еуi облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың күшеюiне байланысты әлдеқайда кейiнге қалдырылды.
Объект саны — 69 (ЖАО — 42, ведомствоға бағынысты ұйымдар — 27). Тексеру iс-шаралары барысында 866 заңнама бұзу фактiсi анықталды, оның iшiнде:
433 — бизнес-процестердi бұзу;
47 — құжаттар пакетi толық болмаған жағдайда қызмет көрсету;
183 — басы артық құжаттарды талап ету;
117 — өзге де бұзушылықтар фактiсi (ақпараттық стендтердi уақытында жаңартпау, АЖ-дан алынуы мүмкiн құжаттарды талап ету, қызметтердi көрсету, бас тарту және мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн бұзу бойынша шағымдар журналының болмауы және т.б.).
Бақылау iс-шаралары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментiнiң тарапынан сарапшылар тартып, бiрге өткiзiледi. Тексерiс аясында анықталған бұзушылықтар үшiн 12 адам тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды, 176 ұсыныс әзiрлендi, бүгiнгi күнi оның 150-i орындалды.
IБ қызметтерi жүргiзiп жатқан көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арасындағы түсiндiру iс-шараларының арқасында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласында жiберiлген бұзушылықтар саны өткен тоқсанға қарағанда, едәуiр азайғанын (2 есе) атап өтемiз.