Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей: «Қазақстан — ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог — татулық пен тұрақтылық негізі. Елбасымыздың «Ел бірлігі — ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі — біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа — экономиканы дамыту мен әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.».
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кірістер бойынша облыс бюджеті (РБ-дан НТ, субвенция, меншікті кірістер) 2020 жылғы жоспардағы 317 966,3 млн. теңгеден 103,4%-ға атқарылды немесе 328 722,5 млн.теңге түсті.
Жеке кіріс бойынша жоспар 57 550,2 млн.теңге сомасында немесе 111,9% атқарылды (жоспар — 51 438,1 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 47 474,2 млн.теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 23 999,9 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 23 474,3 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 53 782,1 млн.теңге немесе 113,3%, сонымен қатар облыстық бюджетке 26 973,3 млн. теңге немесе 112,4%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 26 808,8 млн. теңге немесе 114,2%.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 231 794,7 млн.теңге сомасында немесе 100,0% түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2020 жылғы 99,8% атқарылды, жоспардағы 323 486,1 млн. теңгеден шығыстар 322 932,2 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 553,9 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2020 жылғы 86 717,6 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100% (жоспар — 86 735,6 млн. теңге).
Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 2 930 млн. теңге, игерілгені — 2 906 млн. теңге немесе 99,2%.
Күрделі жөндеуге 4 508,1 млн.теңге бағытталды, игерілу 4 503,3 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5 934,8 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 5 935,8 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2020 жылғы шығыстар 15829,8 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,7% (жоспар 15880,2 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3 658,7 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады.
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 11 650 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9 % құрады (жоспар 11 653 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 274 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 274 млн.теңге).
3-кесте

Мәдениет бойынша шығыстар жоспардағы 6 859,8 млн. теңгеден 6 852,6 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 159,4 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100%.
4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 8 863,9 млн. теңгеден 8 835,9 млн.теңге немесе 99,7% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 420,9 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 423,2 млн. теңге немесе 99,5%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы тұрғын үй салуға шығыстар 14480,3 млн. теңгені құрады (жоспар 14 492,9 млн. теңге немесе 99,9%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 4074,5 млн.теңге тұрғын үй салуға бағытталды.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 3 348,7 млн. теңге бөлінді, жоспар 1.01.21 ж. 3 348,7 млн.теңге, 3 345,5 млн.теңге немесе 99,9% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2020 жылғы 26 713,7 млн. теңге игерілді (жоспар 26 734,9 млн. теңге немесе 99,9%).
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының даму стратегиясын іске асырудың негізгі нысаны болып табылады.
Облыста өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған 13-ке жуық мемлекеттік және салалық бағдарламалар іске асырылады.
2020 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 132,6 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде республикалық бюджеттен — 79,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен — 53,4 млрд. теңге. Оның ішінде:
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.
Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру арқылы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын экономиканың маңызды секторларының бірі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 21 млрд. 113 млн. теңге бағытталды.
Аталған бағдарлама АӨК-дегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуға бағытталған.
2. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 378 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға РБ-дан берілетін нысаналы трансферттер мен облигациялық қарыздар есебінен 32 млрд. 761 млн. теңге бағытталды.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және кірістерді қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 6 901 жұмыс орны құрылды, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3 451 адам жұмысқа орналастырылды.
3. «Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға — 4 млрд. 668 млн. теңге, оның ішінде РБ есебінен — 4 млрд. 281 млн. теңге, ЖБ — 387 млн. теңге.
«Ауыл — Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты — ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
4. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы шеңберінде — 3 млрд. 077 млн. теңге, оның ішінде РБ есебінен — 1 млрд. 028 млн. теңге, ЖБ есебінен — 2 млрд. 048 млн. теңге.
Аталған бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
5. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде — 28 млрд. 069 млн. теңге, оның ішінде РБ есебінен — 13 млрд. 706 млн. теңге, ЖБ есебінен — 14 млрд. 363 млн. теңге.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде білім мен ғылымның сапасы жақсарды, 3 ауысымдық оқыту жойылуда, 150 және одан да көп оқушы орнына арналған мектептерде дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалуда, кабинеттер компьютерлік техникамен, тірек колледждерді қазіргі заманғы жабдықтармен және бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық аумақтарды дамытуға жалпы облыс бойынша 100 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды, ол халық саны 510,7 мың адамды құрайтын 348 ауылдық елді мекенді қамтиды.