Меню

Страницы

Статья

5 сұрақ айдары БЖЗҚ өзектi сұрақтарға жауап бередi

19.02.2021 ж.

1) Сәлеметсiз бе, мен бұрын зейнетақы жинақтарым туралы ақпаратты пошта жәшiгiме хат алу арқылы бiлетiнмiн, бiрақ бiрнеше жылдан берi бұрынғы мекенжайда тұрмаймын. Жинақтарымды қазiр қалай тексеруге болады?

Ciзге ыңғайлы болу үшiн БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың төмендегi тәсiлдерi қолжетiмдi:

  • enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логинi мен паролiн, бiржолғы парольдi пайдалана отырып;
  • БЖЗҚ мобильдi қосымшасында ЭЦҚ немесе пайдаланушының логинi мен паролiн қолдана отырып;
  • www.cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және mgov мобильдi азаматтар базасында тiркелген ұялы телефон нөмiрiне SMS арқылы түсетiн бiр реттiк парольдi пайдалану арқылы;
  • eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкiмет» веб-порталында немесе eGov Mobile мобильдi қосымшасы арқылы;
  • салымшының қосымша өтiнiш беруi талап етiлмейтiн, БЖЗҚ дерекқорында тiркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзiндi көшiрме алу арқылы;
  • пошта байланысы қызметi арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тiркелген пошта мекенжайына жыл сайынғы хабарлау барысында жылына бiр рет);
  • салымшы жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегi өңiрлiк бөлiмшесiне өзi келген кезде.

БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар» — «Өңiрлiк желi» бөлiмдерiнде берiлген картадан ең жақын бөлiмшенi таңдау мүмкiндiгi де бар. Онда бөлiмшенiң жұмыс кестесi мен байланыс телефондары көрсетiлген.

Қорға барлық мәселелер бойынша 1418 тегiн нөмiрiне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) қоңырау шалу арқылы жүгiнуге болады. Сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber-дегi чат-бот арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ ресми парақшаларында кеңес алуға болады.

2) Қайырлы күн! Мен автокөлiгiмдi 5 жылға несиеге сатып алдым, тағы екi жыл төлеуiм керек, қалған соманы зейнетақы жинақтарымнан төлей аламын ба?

Қазақстан Республикасының 02.01.2021ж. № 399-VI «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономикалық өсудi қалпына келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне кiрмейтiн емделуге ақы төлеу үшiн және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға, сондай-ақ, жеке меншiк басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшiн пайдалануға құқылы.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 30, 31 және 32-баптарының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн өзiнiң, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздерi немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшiн емделу ақысын төлеу үшiн пайдалану құқығын қолдана алады:

1) олардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгiленген ең аз жеткiлiктiлiк шегiнен асып түсуi керек.

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегiн айқындау әдiстемесiне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырма сомасынан аспауы тиiс;

2) зейнетақы мөлшерi, ал Заңның 11-бабының 7-тармағында көрсетiлген адамдар үшiн зейнетақы және ай сайынғы қамтылым сомасы алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен белгiленетiн 40 пайыздан төмен емес деңгейдегi орташа айлық табысын алмастыру коэффициентiн қамтамасыз ете алуы керек. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентiн есептеу кезiнде алушының зейнеткерлiкке шығу күнiнiң алдындағы, бiрақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескерiледi.

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi уәкiлеттi оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң 50 пайызынан аспауы тиiс;

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқандар;

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерiнен аспауы қажет.

Осылайша, зейнетақы жинақтары тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мақсаттарға және тәртiппен пайдаланылуы мүмкiн. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын тұтынушылық несиелердi төлеуге пайдалануға болмайды.

3) Қайырлы күн! Мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды мерзiмiнен бұрын алуға дайындалып жатырмын және менi жеке табыс салығын төлеу туралы мәселе қызықтырады. Мен оны қазiр толық төлеймiн бе? Зейнетке шыққаннан кейiн маған қалған жинақтарым қалай төленедi? Шегерiмдер бар ма?

БЖЗҚ-дан төленетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң сомаларына салық салу тәртiбiн айқындау мақсатында «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 351-1-бабында тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бiржолғы зейнетақы төлемдерiнен ЖТС (жеке табыс салығы) есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшелiктерi көзделген.

ЖТС бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасына Салық кодексiнiң 320-бабында белгiленген мөлшерлемелердi (10%) қолдану арқылы есептеледi.

Салық кодексiнiң 351-1-бабы 2-тармағына сәйкес бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң сомасынан ЖТС ұстап қалу және аударуды БЖЗҚ жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiшiне сәйкес төмендегi тәсiлдердiң бiрi бойынша жүргiзедi:

1) Кодекстiң 351-бабында көзделген тәртiппен бiржолғы зейнетақы төлемi жүзеге асырылған күннен кешiктiрмей, бiр мезгiлде;

2) БЖЗҚ белгiлеген зейнетақы төлемдерi кестесi бойынша он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен.

ЖТС ұстап қалу жеке тұлғаның БЖЗҚ ретiндегi салық агентiне ұсынатын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiштiң негiзiнде жүргiзiледi.

Осылайша жеке тұлға бiржолғы зейнетақы төлемдерiнен ЖТС-ты Салық кодексiнiң 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұстап қалу туралы өтiнiш берген кезде, БЖЗҚ ЖТС ұстап қалу мен аударуды зейнетақы төлемдерi үшiн БЖЗҚ белгiлеген кесте бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде жүзеге асырады.

Бiржолғы зейнетақы төлемiнен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшелiктерiн айқындайтын Салық кодексiнiң 351-1-бабында салық шегерiмдерiн қолдану көзделмегенiне назар аударамыз. Яғни, ЖТС есептеуге арналған салық салынатын базадан салық шегерiмдерi тек бiржолғы зейнетақы төлемдерi бойынша ғана қолданылмайды.

Кейiннен зейнеткерлiкке шыққан кезде Салық кодексiнiң 353-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен алушының БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алуы кезiнде салық шегерiмдерiн қолдану құқығы сақталады.

Естерiңiзге сала кетейiк, мiндеттi зейнетақы жарналарына (МЗЖ) жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, ЖТС зейнетақы төлемдерiн алған кезде ғана ұсталады. Бұл ретте салық шегерiмдерi (ұсталатын салық сомасын есептеу үшiн салық салынатын базадан шегерiлетiн сомалар) қолданылады.

Сандармен қарастырайық. Мысалы, БЖЗҚ-дан берiлетiн төлем 50 000 теңгенi құрайды. ЖТС есептеу үшiн салық шегерiмi ретiнде ең төменгi жалақының (ЕТЖ) бiр мөлшерi — 42 500 теңге қолданылады. Бұл жағдайда ЖТС салуға жататын сома (немесе салық салынатын база) 7 500 теңгенi (50 000 теңге — 42 500 теңге = 7 500 теңге) құрайды. Дәл осы сомадан 10% немесе 750 теңге мөлшерiнде ЖТС ұсталатын болады.

Осылайша алушыға 49 250 теңге (50 000 теңге — 750 теңге = 49 250 теңге) мөлшерiндегi сома аударылады.

Егер бұрын алушы бiржолғы зейнетақы төлемiн алу құқығын пайдаланған болса, мысалы, бұрын өзiнiң жеке зейнетақы шотынан 5 млн теңге мөлшерiндегi қаржыны ЖТС-ты (10% немесе 500 мың теңге мөлшерiнде) зейнетақы жасында төлеу үшiн кейiнге қалдыра отырып, алған болса, онда мұндай алушының зейнет жасы бойынша зейнетақы төлемi былайша өзгередi.

Кейiнге қалдырылған ЖТС сомасы зейнетақы төлемдерiнiң санына, бiрақ 192 төлемнен артық емес (кейiнге қалдырылған ЖТС төлемi 16 жылдан аспайтын кезең iшiнде жүзеге асырылады) көлемге бөлiнедi. 500 000 теңге / 192 төлем = 3 125 теңге.

Алушыға 46 125 теңге (50 000 теңге — 750 теңге — 3 125 теңге = 46 125 теңге) мөлшерiндегi сома аударылады.

4) Бiздiң анамыз ресми түрде жұмысқа орналаспаған және өз қолымен дайындаған тоқыма заттарын сатумен айналысады. Бiрақ ол болашақта зейнетақысы аз болады деп алаңдайды, өйткенi, оған жұмыс өтiлi есептелмейдi. Бұл мәселенi қалай шешуге болады?

Сiздiң анаңызға бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) төлеуге болады. БЖТ төлеушi болу үшiн салық органдарына тiркелудiң қажетi жоқ, тек бiрыңғай жиынтық төлемнiң белгiленген сомасын төлеу керек. БЖТ-ның ай сайынғы төлем мөлшерi республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшiн — 1 АЕК (2021 жылы — 2 917 тг.), басқа елдi мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшiн — 0,5 АЕК (2021 жылы — 1458,5 тг.). Төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының шотына бiр сомамен жүргiзiледi. Төлемдi жүзеге асыру үшiн банкте есеп айырысу шотын ашу талап етiлмейдi. Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттiк корпорация мынадай пропорцияда бөледi: 10% — жеке табыс салығы (ЖТС), 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА), 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлiк жасқа толған тұлғалар үшiн төлемнiң барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтiк төлемдерге бөлу жүргiзiлмейдi.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға және жүйеге қатысу өтiлiне және қалыптасқан жинақтарға байланысты зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi. Бұл анаңызға расталған еңбек өтiлiне байланысты базалық зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Бұдан бөлек, БЖТ төлегеннен кейiн ол мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болады және медициналық мекеменi таңдау құқығын беретiн сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзедi. Сондай-ақ, ол еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан айырылған жағдайларда және заңда көзделген басқа да жағдайларда әлеуметтiк төлемдер ала алады.

Болашақта анаңыз үшiн лайықты зейнетақыны қамтамасыз етiп, ол кiсiнiң зейнетақы шотын толықтыру үшiн Сiз немесе анаңыздың өзi ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыра аласыздар. Жарнаның мөлшерiн және ЕЗЖ төлеу кезеңдiлiгiн, сондай-ақ, ЕЗЖ төлеу құқығы басталған кезде зейнетақы жинақтарын алу тәртiбiн өзiңiз белгiлейсiз. Ол үшiн БЖЗҚ-мен шарт жасасып, БЖЗҚ-ға ерiктi аударымдарды Шартта көрсетiлген банк деректемелерiне аудару қажет. Ыңғайлы болу үшiн БЖЗҚ сайтында өзектi ЭЦҚ кiлтiнiң көмегiмен ЕЗЖ-ны есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын онлайн ашу қызметi iске асырылды. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктiк қызметтер — Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады. Нәтижесiнде, ЕЗЖ Сiздiң анаңыз үшiн базалық зейнетақыға тамаша қосымша төлем болуы мүмкiн.

5. Сәлеметсiз бе! Мен Ресей азаматымын, бiрақ 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда уақытша тұрамын және жұмыс iстеймiн. Мен үшiн зейнетақы жинақтары қалай төленуi тиiс?

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн және отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттiң заңнамасына, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған дербес халықаралық шартқа сәйкес реттеледi. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келiсiм (бұдан әрi — Келiсiм) осындай халықаралық шарт болып есептеледi.

Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшiлерiнiң зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң азаматтары сияқты жағдай мен тәртiп бойынша қалыптастыру. ЕАЭО-ға мүше әрбiр мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердiң азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың өз азаматтарына берiлетiн құқықтар көлемiмен бiрдей етiп берiлетiнiне кепiлдiк беруi тиiс.

Өтпелi ережелердi қамтитын Келiсiмнiң 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылатыны көзделген:

Келiсiм күшiне енгеннен кейiн жинақталған жұмыс өтiлi үшiн зейнетақыны ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағында еңбек етiп, жинақталған жұмыс өтiлi үшiн сол мемлекет тағайындайды және төлейдi;

Келiсiм күшiне енгенге дейiн жинақталған жұмыс өтiлi үшiн зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепiлдiктерi туралы келiсiмге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшiн — 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленедi.

Осылайша Келiсiм нормалары жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң зейнетақы жүйесiне зейнетақы (сақтандыру) жарналарының мiндеттi түрде төленуiн көздейтiн еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасаса отырып, ресми жұмысқа орналасқан жағдайда еңбекшiлердiң Келiсiм күшiне енгеннен кейiнгi кезеңде жинаған жұмыс өтiлiне ғана қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Келiсiмнiң 2-бабы 2-тармағының 2.3. тармақшасында Қазақстан Республикасында Келiсiм БЖЗҚ-дан зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiне қолданылатыны белгiленген:

1) зейнеткерлiк жасқа толғанда;

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiк белгiленген кезде;

3) мұрагерлерге бiржолғы төлем.

Осы айтылғандарды ескере отырып:

1. ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс берушi Қазақстанда шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай, еңбек қызметiн еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негiзiнде жүзеге асыратын ЕАЭО елдерi азаматтарының табысын есептеу кезiнде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ және МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға мiндеттi. Бұл ретте МЗЖ-ны есепке алатын жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жұмыс берушi аударған МЗЖ-ның бастапқы сомасы түскен кезде БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады, ал МКЗЖ аудару үшiн БЖЗҚ-ға жұмыс берушiмен бiрге келiп, ЖЗШ ашу туралы өтiнiш беру қажет;

2. жұмыс берушiмен жасасқан еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда аталған тұлғалардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы Келiсiмнiң 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.

Дата публикации
19 февраля 2021
Дата обновления
19 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы