Меню

Страницы

Статья

Салымшылардың зейнетақы жинақтарын алуға берген өтiнiштерiн қабылдамаудың бес негiзгi себебi және оларды жою жөнiндегi ұсынымдар

Уәкiлеттi операторлардан келiп түскен бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға арналған өтiнiмдердi талдау нәтижесiнде мынадай негiзгi себептердi бөлiп көрсетiп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнiнде кеңестер беруге болады.

Бiрiншi себеп: салымшының уәкiлеттi операторға берген өтiнiшiнде алуға болатын соманың қате, оның iшiнде қолда бар зейнетақы жинақтарының мөлшерiнен асыра көрсетiлуi.

Ұсыным: қолжетiмдi сома туралы мәлiметтердi қоса алғанда, өз зейнетақы жинақтары туралы өзектi ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильдi қосымшасында, egov.kz порталында) тiкелей уәкiлеттi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш берер алдында тексеру.

Екiншi себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн таңдау кезiнде алуға болатын соманың дұрыс көрсетiлмеуi.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезiнде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екi тәсiлдiң бiрiн таңдауға құқығы бар.

Бiрiншi тәсiл — ЖТС төлеудi кейiнге қалдырып, оны зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн (БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген кестесi бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екiншi тәсiл — салықты бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезде бiрден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсiлiн уәкiлеттi операторға беретiн өтiнiште көрсеткен жөн.

Егер салымшы ЖТС төлеудi кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдаса, онда өтiнiште алуға болатын соманы ЖТС шегерiмiнсiз көрсету қажет.

Егер салымшы ЖТС-тi толық көлемде бiрден төлеудi шешсе, онда ол өтiнiште алуға болатын соманы 10% мөлшерiндегi ЖТС-тi шегере отырып көрсетуi тиiс.

Екi сома да БЖЗҚ-дан берiлетiн үзiндi көшiрмеде салымшыға ыңғайлы әрi өз бетiнше таңдау жасау үшiн көрсетiлген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкiлеттi операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

Үшiншi себеп: салымшының өтiнiшiнде алуға болатын сома ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi есепке алынбай көрсетiлген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетiлген).

Ұсыным: өтiнiште салымшы БЖЗҚ-дан алған үзiндi көшiрмеде көрсетiлген және алуға қолжетiмдi соманы көрсетуi керек.

Төртiншi себеп: өтiнiште валюта бағамдарының немесе зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдары құнының өзгеруi нәтижесiнде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерiстер ескерiлмеген өзектi емес сома көрсетiлген.

Ұсыным: өзiнiң зейнетақы жинақтары туралы өзектi ақпаратты, оның iшiнде қолжетiмдi сома туралы мәлiметтердi бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға тiкелей өтiнiм берер алдында тексеру.

Бесiншi себеп: салымшы қайтадан, алдыңғы өтiнiмдi тағы да бердi.

Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ операторға кейiннен салымшының (алушының) уәкiлеттi оператор ашқан арнайы шотына есепке жатқызу үшiн бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын аударады.

Егер БЖЗҚ-дан уәкiлеттi операторға бас тарту себебi көрсетiлген, төлемдi аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келiп түспесе, онда салымшы жинақ сомасы оның арнайы шотына аударылғанша бес жұмыс күн тосып, уәкiлеттi операторға қайтадан өтiнiш бермей күте тұруы керек.

Естерiңiзге сала кетейiк, салымшының БЖЗҚ-да жеткiлiктiлiк шегiнен асатын сомасы болған кезде оны пайдалануға өтiнiш шексiз рет берiлуi мүмкiн. Егер қандай да бiр себеппен салымшыға бiржолғы зейнетақы төлемiн алуға арналған өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебiн жойып, уәкiлеттi операторға қайта өтiнiш беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлi мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда осы мақсаттарға алуға болатын сома шегiнде жекелеген өтiнiштер беруге болады.

Сондай-ақ, өтiнiм беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелердi уәкiлеттi оператор «бiр терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтiнiш беру талап етiлмейдi.

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы