Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО елдерiнiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiмнiң күшiне енуi туралы

25.01.2021 ж.

«БЖЗҚ» АҚ Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерiмен бiрлесiп әзiрлеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiмнiң 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшiне енгенiн хабарлайды.

Бұл Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — еңбекшiлердiң зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан мемлекеттiң азаматтары сияқты жағдайларда қалыптастыру, сақтау және iске асыру.

Келiсiмге сәйкес еңбекшiлер болып ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттiң аумағында еңбек немесе өзге де қызметтi жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын не қалыптастырылған Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдерiнiң азаматтары есептеледi.

Келiсiм Одақтың бiр елiнен екiншi елiне зейнетақыны экспорттау тәртiбi мен тетiгiн айқындап, зейнетақы алу құқығын анықтау үшiн ЕАЭО мемлекеттерiндегi жұмыс өтiлiн жинақтауды көздейдi.

Сонымен бiрге еңбекшiнi медициналық куәландыру, оның iшiнде мүгедектiгi бойынша зейнетақы тағайындау барысында сырттай медициналық куәландыру мәселесi реттелдi. Сондай-ақ, Келiсiм күшiне енгенге дейiн және одан кейiнгi жұмыс кезеңдерi үшiн зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртiбiн айқындайтын өтпелi ережелер бекiтiлдi.

ЕАЭО-ға мүше әрбiр мемлекеттiң еңбек етушiге зейнетақының жұмыс кезеңiнде және жұмысқа орналасқан елдегi зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлiгiн төлейтiнiн ескере отырып, 01.01.2021 ж. бастап еңбекшiлер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жұмыс берушiлермен еңбек қатынастарын ресми ресiмдеулерi, яғни мiндеттi түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасасулары қажет.

Бұл ретте Келiсiмге сәйкес жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақыларын қоспағанда, зейнетақы алу құқығы еңбеккердiң мүше мемлекеттiң аумағында жинаған кемiнде толық 12 ай жұмыс өтiлi болған кезде (Келiсiм күшiне енгеннен кейiн), сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес туындайтынын атап өткен жөн.

Қазақстанда Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi құзыреттi орган БЖЗҚ болып табылады. Соған сәйкес Қорға еңбекшiлер қажеттi кеңес алу үшiн, ал кейiннен құқықтарын қалыптастыру кезiнде — өздерi еңбек қызметiн жүзеге асырған және жұмыс iстеген кезеңдерi үшiн зейнетақы алу құқығына ие болған мүше мемлекеттердiң құзыреттi органдарына жiберу үшiн құжаттармен жүгiне алады.

Қазақстанда Келiсiм еңбекшiлердiң БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi құқықтық қатынастарына қолданылады және тиiсiнше, ЕАЭО елдерiнiң еңбекшiлерi БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын қалыптастырған жағдайда, еңбекшiлердiң оларды алу құқығы Қазақстан заңнамасына сәйкес туындайды:

  • зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде;
  • егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, 1 және 2-топтағы мүгедектiк белгiленген кезде,
  • ал БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елiнiң азаматы — еңбек етушi қайтыс болған жағдайда, оны бiржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстанның заңнамасында айқындалған құқық белгiлейтiн құжаттар ұсынған кезде оның мұрагерлерiне көшедi.

ЕАЭО-ның бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi арқылы өзара цифрлық iс-қимылға көшкенге дейiн Тараптар қағаз құжат айналымын пайдаланатын болады.

Келiсiмнiң толық мәтiнiмен Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01424533/itia_13012020 сiлтемесi бойынша таныса аласыз.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы