Меню

Страницы

Статья

5 сұрақ

29.01.2021 ж.

1. Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн алу кезiнде ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi қалай есептеледi?

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қазақстандықтарды қолдау мақсатында БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн қатаң белгiленген балама мақсаттарға — тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге мерзiмiнен бұрын алу құқығы берiлдi. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының негiзгi мақсаты сақталады: олар болашақта ең төменгi зейнетақы мөлшерi деңгейiнде болса да зейнетақы кiрiсiн қамтамасыз етуге тиiс.

Осыған орай, мемлекеттiк органдар зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегiн айқындау әдiстемесiн әзiрледi, содан кейiн оны ҚР Үкiметi бекiттi (Үкiметтiң «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерiн, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бiржолғы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, оларды Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн, алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерiмен алмастыру коэффициентiн айқындау әдiстемесiн, зейнетақы жинақтарының ең аз жеткiлiктiлiк шегiн айқындау әдiстемесiн бекiту туралы» қаулысы ).

Осы Әдiстеменiң ережелерiне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi есептеледi, бұл зейнетақы жасына жеткен кезде зейнеткердiң ай сайынғы табысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi зейнетақы капиталын ең төменгi бiр зейнетақыдан төмен емес мөлшерде қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi — бұл негiзгi нысаналы мақсаты болып саналатын зейнетақы төлемдерi үшiн салымшының зейнетақы шотында сақталуға тиiс ақша сомасы. Ал балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының шектi мөлшерден асатын бөлiгiн алуға болады.

Салымшылардың болашақта да (зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн) еңбек қызметiн жалғастыратындығын және тиiсiнше БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдарын жасайтындықтарын ескерiп, ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын ең төменгi жалақы мөлшерiндегi табысынан ай сайын (жылына 12 реттен) аударатынына сүйене отырып, әрбiр нақты жас үшiн жеке есептеледi.

Осылайша ең төменгi жеткiлiктiлiк шектерiнiң мөлшерiн есептеу белгiлi бiр жасқа қарай адам қанша табыс таба алатынына емес, зейнеткерлiк жасына қарай жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жоғарыда көрсетiлген ең төменгi талаптарға сәйкес келетiндiгiне негiзделедi.

2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шектерiнiң мөлшерi мынадай:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі, теңгемен

20

1 710 000

21

1 780 000

22

1 860 000

23

1 930 000

24

2 010 000

25

2 090 000

26

2 170 000

27

2 250 000

28

2 330 000

29

2 420 000

30

2 500 000

31

2 590 000

32

2 670 000

33

2 760 000

34

2 850 000

35

2 940 000

36

3 030 000

37

3 130 000

38

3 220 000

39

3 320 000

40

3 420 000

41

3 520 000

42

3 620 000

43

3 720 000

44

3 820 000

45

3 930 000

46

4 030 000

47

4 140 000

48

4 250 000

49

4 360 000

50

4 470 000

51

4 590 000

52

4 700 000

53

4 820 000

54

4 940 000

55

5 060 000

56

5 180 000

57

5 300 000

58

5 430 000

59-62

5 560 000

2. Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн алу үшiн қаражатымның жеткiлiктi екенiн қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ өз зейнетақы жинақтарыңызды тексерудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады:

Бiрiншi және ең танымал тәсiл — интернет-байланыс арқылы, кез келген уақытта және әлемнiң кез келген нүктесiнен enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильдi қосымшада қажеттi ақпаратты алуға болады. Оған кiру үшiн салымшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ-ны egov.kz порталында қашықтықтан алуға болады) немесе БЖЗҚ дерекқорында тiркелген ЖСН мен пароль қажет.

Екiншi тәсiл — үзiндi көшiрменi салымшы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жiберу. Салымшы мәлiметтердi алу кезеңдiлiгiн өзi таңдайды: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын.

Үшiншi тәсiл — egov.kz электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет арқылы. Оған кiру ЭЦҚ немесе mGov мобильдi базасында тiркелген салымшының ұялы телефон нөмiрiне жiберiлетiн бiр реттiк sms-пароль арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, өз зейнетақы шотыңызды БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне барып немесе дәстүрлi пошта арқылы жыл сайынғы үзiндi көшiрменi алу арқылы тексеруге болады.

Салымшы кез келген уақытта enpf.kz сайтында (ЭЦҚ көмегiмен) немесе БЖЗҚ кеңсесiнде ақпарат алу тәсiлiн таңдап, өзгерте алады.

Барлық қызметтердi смартфондар немесе планшеттер арқылы алу ыңғайлы және осы тәсiлге үйренген адамдар үшiн қарапайым және функционалды ENPF қосымшасы бар.

Осы мобильдi қосымшаға тiркелу үшiн ұялы телефоныңызға смс-хабарлама арқылы жiберiлетiн бiр реттiк құпиясөздi пайдалануға болады.

Сондай-ақ, Қордың сайты мен мобильдi қосымшасындағы Жеке кабинетте «Үзiндi-көшiрме алу» опциясына зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн алу үшiн жеткiлiктiлiк шегi көрсетiлген жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу функциясы қосылған.

Халыққа ыңғайлы болуы және оларға неғұрлым қолдау көрсету үшiн зейнетақы жинақтарының жеткiлiктiлiк шегi туралы ақпарат алуға арналған cabinet.enpf.kz/porog жаңа сервисi әзiрлендi. Қызметтi электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS арқылы mGov мобильдi азаматтар базасында тiркелген ұялы телефон нөмiрiне түсетiн бiр реттiк парольдiң көмегiмен қолдануға болады.

ЭЦҚ көмегiмен авторлану үшiн www.cabinet.enpf.kz/porog порталына өтiп, дербес деректердi жинауға және өңдеуге келiсiм беру керек, қолтаңба сертификатын таңдап, ЭЦҚ арқылы қызметке кiруге болады. Бiр реттiк пароль арқылы авторлану үшiн бар-жоғы бiрнеше қадам жасау керек:

  • өзiңiздiң ЖСН және ұялы телефон нөмiрiңiздi енгiзiңiз;
  • дербес деректерiңiздi жинауға және өңдеуге өз келiсiмiңiздi берiңiз;
  • «Кодты жiберу» батырмасын басыңыз;
  • алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгiзiңiз.

Бұл қосымша сервис салымшылар үшiн өте ыңғайлы, себебi, ол жеткiлiктiлiк шегiн ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлiмшелерiне бармай-ақ бiлуге мүмкiндiк бередi. Сервис мемлекеттiк органдар айқындайтын ақпараттық қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарға толық сәйкес келедi.

3. Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн қалай алуға болады? Қайда жүгiну керек?

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңызды тексергеннен кейiн Сiз зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үйге және (немесе) емделуге пайдалану туралы шешiм қабылдаған болсаңыз, онда Сiзге уәкiлеттi операторға жүгiну қажет.

Үкiметтiң қаулысымен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiн нысаналы пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi операторлар болып төмендегiлер айқындалды:

  • тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында — «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;
  • тұрғын үй және (немесе) бiр банктiк қарыз шарты шеңберiнде жөндеу жүргiзумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшiн бастапқы жарна енгiзу; тұрғын үй және (немесе) бiр банктiк қарыз шарты шеңберiнде жөндеу жүргiзумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарызын iшiнара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй берешегiн қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында — екiншi деңгейдегi банктер (ЕДБ) (қазiргi уақытта БЖЗҚ «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, «Қазақстан Халық банкi» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ-мен өзара қарым-қатынас туралы келiсiмдi бекiттi);
  • емделуге ақы төлеу мақсатында — «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы.

ЕДБ-мен келiсiм уәкiлеттi оператор мен БЖЗҚ арасындағы бiржолғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, аудару және қайтару мәселелерi бойынша ақпараттық өзара iс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртiбiн, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөнiндегi шарттар мен мiндеттемелердi қоса алғанда, Келiсiм тараптарының әрқайсысының мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.

БЖЗҚ мен уәкiлеттi операторлардың ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру «Электрондық үкiмет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн мақсатты қажеттiлiктерге алу және пайдалану ережелерi туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.

Салымшының құжаттарын қарағаннан кейiн уәкiлеттi оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзi айқындаған және оның өтiнiмiнде көрсетiлген мөлшердегi зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жiбередi.

Уәкiлеттi оператордан хабарлама алғаннан кейiн БЖЗҚ салымшының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында уәкiлеттi операторда ашылған арнайы шотына зейнетақы жинақтарын аударуды (5 жұмыс күнi iшiнде) жүзеге асырады.

4. Алынған ақша үшiн салықты қалай төлеуге болады? Оларды бiрден немесе бөлiп төлеуге бола ма?

Салымшының зейнетақы жинақтарын алу кезiнде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн таңдауға құқығы бар (жарналарды аудару кезiнде ЖТС алынбаған).

Азаматтар ЖТС төлеудi кейiнге қалдыруды не жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн алу кезiнде оны толық көлемде өтеудi таңдай алады. Кейiнге қалдыру ЖТС-тың зейнетақы жасына жеткеннен кейiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгiлеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен төленетiнiн бiлдiредi.

5. Мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымның бiр бөлiгiн қаржы компанияларының басқаруына бергiм келедi. Қайда хабарлассам болады?

Салымшылар өздерiнiң зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi белгiлеген төмендегiдей қосымша талаптарға сәйкес келетiн басқарушы компанияларға сенiмгерлiк басқаруға бере алады:

  • клиенттердiң активтерiн басқарудың жеткiлiктi тәжiрибесiнiң болуы;
  • соңғы екi жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметiнiң оң нәтижелерiнiң болуы;
  • меншiктi капиталының жеткiлiктi болуы, оның iшiнде басқарушы компанияның зейнетақы активтерi бойынша табыстылығы жетiспейтiн салымшыларға ықтимал өтеуi үшiн капиталының болуы;
  • бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер бойынша айла-шарғы жасау деректерiнiң болмауы;
  • басқарушы компания иелерiнiң құрылымында iрi акционердiң болуы;
  • НҚА белгiлеген басқа талаптар.

Агенттiк ай сайынғы негiзде зейнетақы активтерiн басқаруға рұқсат берiлген жеке басқарушы компаниялардың тiзiлiмiн қалыптастыратын болады.

Басқарушы компанияны таңдауды осы тiзiлiмге енгiзiлген компаниялар тiзбесiнен БЖЗҚ салымшысының өзi тiкелей жүзеге асыратын болады.

Салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға сенiмгерлiк басқаруға беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке өзi немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы тиiстi өтiнiшпен және жеке басын куәландыратын құжатпен (өзi жүгiнген кезде) хабарласуы тиiс.

Жеке басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ның кастодиан банктегi шотына есепке алу және сақталу үшiн аударылады, осы банк және жеке басқарушы компания мен БЖЗҚ арасында үш жақты кастодиандық шарт жасалады.

Таңдалған басқарушы компания қызметiнiң нәтижелерiне қанағаттанбаған жағдайда салымшылардың өз жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару немесе ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару құқығы сақталады.

Зейнеткерлiк жасқа жеткеннен кейiн азаматтардың инвестициялық кiрiстерi ескерiлген зейнетақы жинақтары ҚРҰБ басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзiмге дейiн басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу немесе заңнамада көзделген өзге мақсаттарға пайдаланылатын болады.

Дата публикации
29 января 2021
Дата обновления
29 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы