Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 305 628,3 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 4,8%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (76,8%), 2020 жылғы қаңтар- желтоқсанда 234 727,1 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2019 жылғы қаңтар- желтоқсан деңгейінен 8,2%-ға жоғары 

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдерінің өндірісі 144 970,8 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 11,7%-ға, дәнді дақылдардан ұн, оның ішінде ұсақ тартылған қоспалар өндірісі 2,1%-ға, өсімдік майларының өндірісі — 2,8%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 23,4%-ын алатын машина жасау саласында 54 865,9 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан көлемінен 13,0%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 5 991,8 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 8 237,6 млн. теңгеге шығарылды.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласындағы көлем 56 277,4 млн. теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан сумен жабдықтау саласының көлемі 10 290,9 млн. теңгені құрады.

2020 жылдың нәтижесі бойынша ИИДМБ аясында шамамен 1,2 мың жұмыс орнын құрумен құны 28,7 млрд.теңгеге 9 жоба іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 778869,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке деңгейіне 101,0%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 104,0 мың тоннаны немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 107% құрады.

Сүт — 597,8 мың тонна (105,5%),

Жұмыртқа — 558,4 млн. дана (69,6%).

2021 ж. 01.01. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 377,7 мың бас (103,3%);

с.і. сиыр — 193,5 мың бас (103,6%);

қой мен ешкі — 433,4 мың бас (103,4%);

жылқы — 135,6 мың бас (103,7%);

шошқа — 180,4 мың бас (103,7%);

құс — 3109,9 мың бас (67,4%)

Кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 331 бірлікті құрады немесе 2019 жылғы сәйкес дата деңгейі 0,9%-ға жоғары.

Инфляция. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 7,2% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 11,0%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 5,4%, ақылы қызметтердің бағасы — 3,9%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 281 729,1 млн. теңгені немесе 2019 жылға 120,5% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 59,9%), бюджеттік қаражат (23,6%), банк кредиттері (4,9%) және басқа қарыздық қаражат (11,6%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (44,2%), өнеркәсіп (18,0%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,7%), көлік және қоймалау (10,6%).

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс аумағында жалпы ауданы 306 458 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге 122,4% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2020 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға — 3 572,9 млн. теңге (РБ — 2 897,9 млн. теңге, МБ — 675 млн. теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 973,5 млн. теңге.

«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша — 867,4 млн. теңге (РБ — 847,6 млн. теңге, МБ — 19,8 млн. теңге).

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы және күрделі жөндеу) 1 146,3 млн. теңге бөлінген.

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2020 жылда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4804 адамды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6 пайызды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 0,4%-ға жоғары.

2021 жылғы 1 қантарға 12176 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 30126 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 4802 адам жіберілді.

2021 жылғы 1 қантарға 10999 азаматқа 809,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау. 2021 жылғы 1 қантарға облыстың денсаулық сақтау жүйесі құрамында 19 аурухана ұйымы бар медициналық ұйымдар желісімен ұсынылды, оның ішінде 4 облыстық ұйым, 2 қалалық аурухана, 12 АБ, 64 амбулаториялық-емханалық ұйым, оның ішінде 59 дәрігерлік амбулатория, 3 қалалық емхана, облыстық стоматологиялық емхана және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық, сонымен қатар облыста 421 медициналық пункт пен 43 ФАП бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 2021 жылғы 1 қаңтарға 15 млрд. 880,2 млн. теңгені құрады, 15 млрд 829,8 млн. теңге немесе 99,7% игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 1 млрд. 378,1 млн. теңге (РБ — 505,4 млн. теңге, ЖБ — 872,7 млн. теңге), атқарылғаны 1 млрд. 377,9 млн. теңге (РБ — 505,4 млн. теңге, ЖБ — 872,5 млн. теңге),
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 658,7 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 770,5 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 888,2 млн. теңге), атқарылғаны 3 млрд. 658,7 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 770,5 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 888,2 млн. теңге).

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында денсаулық сақтау объектілерін дамытуға ішкі қарыздар есебінен 7 465,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 2 319,7 млн теңге:

  • Петропавл қаласында тез тұрғызылатын модульдік аурухананы сатып алуға 1 қаңтар жоспарындағы 2 319,7 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Облигациялық қарыз есебінен 5 145,7 млн теңге бөлінді:

  • Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхана салуға — 719 млн. теңге, игерілу 100%-ды құрады;
  • Петропавл қаласы Ж.Қизатов көшесі, 7а мекенжайында ересектер мен балалар корпустары арасында жылы өткел салуға — 60,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарында 60,2 млн. теңге, игерілу 57,2 млн. теңгені құрады. 2,9 млн. теңге игерілмеді — мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін ақы төлеу;
  • Петропавл қаласында тез тұрғызылатын модульдік аурухананы сатып алуға — 4 366,4 млн. теңге, игерілу 100%-ды құрады.
  • жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен денсаулық сақтау саласы бойынша 526,0 млн. теңге (с.і. материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 434 млн. теңге), игерілу 100%-ды құрады.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 75 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 14 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 400 шағын-орталық (6 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 468 бірлікті құрайды.

Білім беру жүйесін дамытуға 2020 жылы 86,7 млрд. теңге бөлінді.

2021 ж. 01.01. жоспардағы 78,1 млрд.теңгеден игерілу 77,7 млрд.теңгені немесе 99,5% құрады.

Барлығы 2020 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 2929 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен 522,8 млн. теңге

  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл а. мекенжайында сыртқы инженерлік желісімен және абаттандырумен 300 орынға арналған мектеп салуға. Есепті кезең жоспарындағы 522,8 млн. теңгеден игерілу 100% құрады.

Жергілікті бюджеттен 1039,9 млн. теңге бөлінді.

  • Петропавл қаласында 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп салуға — 676,6 млн. теңге. Қаражат толық игерілді.
  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы мекенжайында сыртқы инженерлік желісімен және абаттандырумен 300 орындық мектеп салуға — 256,1 млн. теңге, игерілу 100% құрады.
  • Петропавл қаласы «Жас өркен» ықшам ауданында Позолотин Т.С. — Амангелді — Труд — М.Горький көшелері шекарасында 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп салуға — 96 млн. теңге. Игерілу 100% құрады.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 10443,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 10443,9 млн. теңгеден игерілу 10438,1 млн. теңгені немесе 99% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2018 жыл

Қаңтар-желтоқсан

2020 ж. 2019 ж. %

2019 жыл

2020 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

93,9

97,2

104,0

107,0

Сүт

мың тонна

555,0

566,5

597,8

105,5

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

809,4

802,9

558,4

69,6

Сыртқы сауда айналымы.

Алдын ала мәлiмет бойынша 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 327,6 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге 124,1%, соның iшiнде тауарларды экспорттау — 198,9 млн АҚШ долларын (109,5%), импорт — 128,7 млн АҚШ долларын (1,6 есе ұлғайту).

Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 70,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 31,8%), Өзбекстан (24,6%), Бельгия (5,4%), Польша (8,8%), Тәжiкстан (7,3%)

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 96,9%-ы немесе 192,7 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Германия (15,2%), Қытай (16,5%), Украйна (5,4%), Франция (9,9%) Польша (2,6%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 69,5%-ы немесе 89,4 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (12,6%-ы немесе 16,3 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (9,5%-ы немесе 12,2 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (2,7%-ы немесе 3,5 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (2,5%-ы немесе 3,2 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2020 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 447,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылдан 23,4% кем, соның iшiнде импорт — 400,9 млн. АҚШ доллары (30,6 өстi), экспорт — 46,1 млн. АҚШ доллары (16,8% артық).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы