Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы жыл сайынғы есебі

2021 жылы ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 19 аудиторлық іс-шарасы өткізілді, соның ішінде мемлекеттік аудиттің 9 объектісінде тиімділік, сәйкестік аудиті және мемлекеттік аудиттің 10 объектісінде сәйкестік аудиті өткізілді.

Бюджеттік заңнамасының нормаларына тиімділік және сәйкестік аудитін өткізу кезінде жинақталған қаражаттардың көлемі, соның ішінде есеп беру кезеңі ішінде мемлекеттік сатып алулар заңнамасының сәйкестігіне 7,9 млрд. теңгені құрайды. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды немесе аудитпен жинақталған қаражаттардың көлеміне 23,7% құрайды, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар 47,0 млн. теңге (қалпына келтіруге жатады – 24,4 млн. теңге және қайтаруға – 22,6 млн. теңге), процедуралық сипатындағы бұзушылықтар 1278,4 млн. теңге, мемлекеттік сатып алулардың рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар 540,4 млн. теңге (соның ішінде мемлекеттік сатып алулардың қорытындыларына ықпал еткен сомасы 76,5 млн. теңге).

 Есеп беру кезеңі ішінде барлығы 46,5 млн. теңге қайтарылды және қалпына келтірілді немесе бюджетке қайтарылуға және қалпына келтіруге жататын қаражаттар сомасының 99% құрайды (қайтарылмаған 0,5 млн. теңге мөлшеріндегі сома қалдық бойынша № 1112-21-00-2/1049-1 атқарушылық парақ негізінде атқарушылық іс қозғалды, сот бюджет кірісіне мердігерден төлеттіріп алуды айқындады).

Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша:

  • мемлекеттік аудит объектілеріне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19 өкімі және бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау бойынша 115 ұсыныс жіберілді, соның ішінде 113 ұсыныс орындалды;
  • әкімшілік жауапкершілікке 11 лауазымды адам тартылды, оларға қатысты жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге әкімшілік жаза салу туралы 14 қаулысы шығарылды, сондай-ақ әкімшілік жаза салу туралы 24 хаттама жасалды (100% төленді);
  • тәртіптік жауапкершілікке 94 лауазымды адам тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов

 

2020 жылы iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының Iшкi аудит қызметiмен өткiзiлген аудиторлық iс-шаралардың қорытындылары бойынша

2020 жылы iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының Iшкi аудит қызметiмен 11 аудиторлық iс-шарасы өткiзiлдi, соның iшiнде мемлекеттiк аудиттiң 6 объектiсiнде тиiмдiлiк аудитi және мемлекеттiк аудиттiң 5 объектiсiнде сәйкестiк аудитi өткiзiлдi.

Бюджеттiк заңнамасының нормаларына тиiмдiлiк және сәйкестiк аудитiн өткiзу кезiнде жинақталған қаражаттардың көлемi, соның iшiнде есеп беру кезеңi iшiнде мемлекеттiк сатып алулар заңнамасының сәйкестiгiне 3206680,2 мың теңгенi құрайды. Жалпы сомасы 1014311,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды немесе аудитпен жинақталған қаражаттардың көлемiне 31,6% құрайды, соның iшiнде қаржылық бұзушылықтар 19543,1 мың теңге (орнатуға және қалпына келтiруге жатады), процедуралық сипатындағы бұзушылықтар 923719,4 мың теңге, мемлекеттiк сатып алуладың процедураларын жүзеге асырғанда бұзушылықтар 90591,7 мың теңге (соның iшiнде мемлекеттiк сатып алулардың қорытындыларына ықпал еткен сомасы 16539,6 мың теңге).

Есеп беру кезеңi iшiнде барлығы 8787,8 мың теңге орнатылды және өтелдi немесе бюджетке орнатуға және өтеуге жататын қаражаттардың сомасына 45% құрайды (19543,1 мың теңге). Сәйкестiкке 12116,5 мың теңге келтiрiлдi.

Iшкi мемлекеттiк аудиттiң қорытындылары бойынша:

• Мемлекеттiк аудиттiң объектiлерiне бұзушылықтарды және кемшiлiктердi болдырмау бойынша 60 ұсыныс жiберiлдi, соның iшiнде 56 ұсыныс орындалды;

• Құқық қорғау органдарына сомасы 3643,9 мың теңгеге 1 материал тапсырылды;

• Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 4 лауазымдық тұлғалары тартылды, оларға қатысты жалпы сомасы 618,0 мың теңгеге әкiмшiлiк жаза салу туралы 14 қаулысы шығарылды (100% төлендi);

• Тәртiптiк жауапкершiлiкке 27 лауазымдық тұлғасы тартылды.

Дата публикации
06 января 2021
Дата обновления
19 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы