2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында бөлшек сауда көлемі 105,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, НКИ 105,6%.
Анықтама: облыстың жалпы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Петропавл қаласына (71,8%), Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға (7,5%), Тайынша ауданына (4%), Қызылжар ауданына (3,3%) тиесілі.
Көтерме сауда көлемі 144,2 млрд. теңгені құрады, НКИ 99,3%.
Қаңтар-сәуір айларындағы инфляция 4,3% (ҚР бойынша – 4,2%)
Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,2%-ға (ҚР бойынша 5%), Азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 3,9%-ға (ҚР бойынша 3,8%), ақылы қызметтердің бағасы – 3,7%-ға (ҚР бойынша 3,3%) өсті.
Анықтама: жыл басынан бері нан-тоқаш өнімдері мен жармаларға – 6,2%, оның ішінде күрішке – 7%, ұн – кондитерлік өнімдер – 8,7%, макарон өнімдері – 8,1%, май – 3,7%, сүт өнімдері – 6,2% қымбаттады. Алкогольдік сусындардың бағасы – 9,7%, темекі өнімдері – 6,1 % өсті. Жемістер – 2%, оның ішінде банан – 6%, жүзім – 3,5% қымбаттады. Жаңа піскен көкөністердің бағасы – 17,1%, оның ішінде пияз – 37,2% өсті. Бұл жағдайда сәбіз – 3,8%, картоп – 6,1% арзандады. Қант бағасы – 9% төмендеді.
Жуу және тазалау құралдарының бағасы – 10,1%, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдар – 8,7% киім мен аяқ киім – 5%-ға өсті. Дизель отыны 4%-ға, бензин 1,7%-ға қымбаттады.
Пластикалық терезелерді орнату Қызметтерінің құны 8,6%-ға, қоғамдық тамақтану – 7,6%-ға өсті. Қала маңындағы пойызбен жүру – 50,3% қымбаттады.
2023 жылғы сәуірдегі инфляция 0,8%, (ҚР бойынша – 0,9%)
Азық-түлік тауарлары – 0,9% (ҚР бойынша 0,9%), азық-түлік емес тауарлар – 0,6% (ҚР бойынша 1,3%), ақылы қызметтер – 0,8% (ҚР бойынша 0,4%).
Дереккөз: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті