Меню

Страницы

Статья

Жалпы мәлімет (ішкі саясат)

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат саласы бойынша ақпарат

Ақпараттық саясат

Тіркелген БАҚ - 57;

Оның ішінде 42 баспа БАҚ бар, соның 15-і мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 5 БАҚ екі тілде жарық көреді.

4 электрондық БАҚ жұмыс істейді:

2 телеарна - «Qyzyljar», «МТРК»;

2 кабельдік оператор - «КТВ «Есіл КТВ», КТВ «СОЮЗ «Медиа групп»;

11 желілік басылым және ақпараттық агенттік.

2026 жылы облыс бойынша мемлекеттік тапсырысты 66 БАҚ орындайды.

Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысын 31 БАҚ орындайды.

Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметі 17 баспасөз конференциясын өткізді.

Азаматтық сектор

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 465 ҮЕҰ бар, оның ішінде 75-і облыс аудандарында орналасқан.

2026 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 331 млн теңге сомасына 117 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қоғамдық кеңестер

Облыста 15 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. 2025 жылы барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің құрамы мәслихат төрағаларының өкімдерімен жаңартылып, бекітілді.

Барлығы 195 адам сайланды. Оның ішінде облыстық Қоғамдық кеңеске - 21 адам, Петропавл қаласының Қоғамдық кеңесіне - 16 адам, облыс аудандарындағы Қоғамдық кеңестерге - 158 адам кірді.

Бүгінгі таңда облыста парламенттік және парламенттік емес саяси партиялардың 7 филиалы тіркелген.

Жастар саясаты

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 515 422 адам тұрады. Оның ішінде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны - 128 098 адам, соның ішінде 71 433 ер адам, 64 697 әйел адам.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыз жастар саны 3431 адамды құрады, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,6%.

2026 жылы жастар саясаты бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірде 12 жобаны іске асыру жоспарланған.

Өңірде 14 жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ жанынан жастармен және NEET санатымен жұмыс жөніндегі бөлім жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15 пен 35 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың үлесі 7,3% немесе 8 759 адамды құрады. Бұл ретте аталған көрсеткіштің төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Этносаралық жағдай

Облыста 26 этномәдени бірлестік тіркелген, оның 20-сы аккредиттеуден өткен. 158 этно-бағдарланған орталық бар. ЭМБ құрамындағы мүшелер саны - 335 адам.

Этномәдени бірлестіктер жанынан 17 үйірме мен шығармашылық клуб жұмыс істейді. Оның ішінде шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер, түрлі бағыттағы үйірмелер, тілдерді үйрену клубтары және басқа да құрылымдар бар.

ҚХА құрылымдық бөлімшелері

Солтүстік Қазақстан облысында 60 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Олар әр ауданда, Петропавл қаласында және бірқатар ауылдарда қызмет атқарып, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы: ҒСТ құрамына 12 мүше кіреді. Оның ішінде 1 - философия докторы PhD, 9 - ғылым кандидаты, 1 - магистр және 1 сарапшы.

СҚО-да медиация кабинеттері бар. Олардың бірі «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ базасында орналасқан, 13 кабинет облыс аудандарында жұмыс істейді.

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
14 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы