Әдістемелік ұсынымдар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті
2021 жылғы 1 шiлдеден бастап ӘРПК қолданысқа енгiзiледi және әкiмшiлiк орган (Мемлекеттiк орган) мен өзiне қатысты осы Әкiмшiлiк органның заңда белгiленген жария функциялары iске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Әкiмшiлiк рәсiм өтiнiш берушiнiң өтiнiшi негiзiнде (өтiнiш немесе шағым бойынша) не әкiмшiлiк органның өзiнiң бастамасы бойынша басталуы мүмкiн.
Өтiнiшке қойылатын талаптар белгiленедi.
Өтiнiште формальды қателiктер жiберiлген кезде әкiмшiлiк органның оларды жою бойынша жәрдем көрсету мiндетi көзделедi.
Әкiмшiлiк органның қолайсыз әкiмшiлiк актiнi қабылдағанға дейiн адамға тыңдалу құқығын беру мiндетi бекiтiледi.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, әкiмшiлiк рәсiмнiң жалпы мерзiмi он бес жұмыс күнiн құрайды.
Әкiмшiлiк орган әкiмшiлiк актiнi әкiмшiлiк рәсiмге қатысушылардың және (немесе) өкiлдердiң назарына жеткiзуге мiндеттi, өйткенi акт әкiмшiлiк рәсiмге қатысушының назарына тәртiппен жеткiзiлген кезден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сондай-ақ, ӘРПК мемлекеттiк органдардың ұсыныстарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пiкiрлердi қарау жөнiндегi жеңiлдетiлген әкiмшiлiк рәсiмдердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады. (онда өтiнiш иесiне қатысты әкiмшiлiк актiлер қабылдау талап етiлмейдi).
ӘРПК әкiмшiлiк органдар үшiн қосымша талаптарды белгiлей отырып, шағымдарды қарау рәсiмiн егжей-тегжейлi регламенттейдi, атап айтқанда, барлық мүдделi тұлғаларды тыңдау, iстiң барлық мән-жайларын зерттеу, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жауаптың негiздемелерiн түсiндiру. Бұл үшiн әкiмшiлiк органға дәлелдемелер жинау, құзыреттi органдардан қажеттi материалдарды талап ету, куәгерлердi шақыру және т. б. өкiлеттiктер берiледi.
Осы тұрғыда сотқа жүгiну алдында жоғары тұрған органға шағымдану рәсiмiнiң мiндеттiлiгiн енгiзу ведомстволық бақылауды жақсарту жөнiндегi пәрмендi шара болып табылады.
Адамның әкiмшiлiк актiге шағым беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн әкiмшiлiк актiнiң орындалуын тоқтата тұрады.
Шағым беру Қоғамдық не мемлекеттiк мүдделерге зиян келтiруге қабiлеттi қауiптiң алды алынған не жойылған жағдайларда, сондай-ақ ӘРПК және өзге де заңдарда көзделген басқа жағдайларда әкiмшiлiк актiнiң орындалуын тоқтата тұрмайды.
Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiм жазбаша әкiмшiлiк акт нысанында қабылданады.
Шағым қанағаттандырылмаған жағдайда адам әкiмшiлiк актiге, әкiмшiлiк органның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) әкiмшiлiк сотқа шағым жасауға құқылы.
Тұтастай алғанда, ҢРПК-ның қабылдануы құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi елеулi қадамға айналады, сондай-ақ елдiң инвестициялық климатына қолайлы әсер етедi.