Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық қызметiнiң жұмысы туралы

Ветеринариялық қызметiнiң жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспары

Ветеринариялық қызметтiң 2022 жылғы жұмысы және 2023 жылға арналған мiндеттерi туралы

2022 жылы эпизоотиялық салауаттылықты сақтау мақсатында барлық көзделген ветеринариялық iс-шаралар толық көлемде орындалды.

Жануарлар мен құстардың 10 аса қауiптi және 3 энзоотиялық ауруына қарсы профилактикалық вакциналау, 4 ауруға диагностикалық зерттеу және 2 ауруға аллергиялық зерттеу жүргiзiлдi. Осылайша қолда бар мал басы профилактикалық вакциналаумен және зерттеулермен қамтылды.

Жиілігін ескере отырып, вакциналау бойынша 4 931 696 манипуляция жүргізілді:барлық жануар түрінің сібір жарасына қарсы – 1 063 788 бас (386 320 ірі қара мал, 422 600 ұсақ мал, 96 700 жылқы, 158 150 шошқа, 18 түйе), ірі қара мал қарасанына қарсы – 222 650 бас, пастереллезге қарсы – 21 200 бас (16 900 ірі қара мал, 4 300 шошқа), ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеитіне қарсы – 25 200 бас, ірі қара малдың вирустық диареясына қарсы – 25 200 бас, жылқы ринопневмониясына қарсы – 14 300 бас, ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне қарсы – 315 450 бас, барлық жануар түрінің құтыруына қарсы – 167 830 бас (65 100 ірі қара мал, 57 900 ұсақ мал, 20 750 жылқы, 19 340 ит, 4 740 мысық), құс тұмауына қарсы – 966 896 бас, аусылға қарсы – 2 134 382 бас (908 032 ірі қара мал, 872 283 ұсақ мал, 354 067 шошқа), 39 760 бас итке дегельминтизация жүргізілді, энзоотиялық ауруларға қарсы – 151 520 бас: ірі қара мал гиподерматозына қарсы – 59 800 бас, жылқы сақауына қарсы – 65 580 бас, жылқы пироплазмидозына қарсы – 26 140 бас.

Барлық жануар түрiнiң бруцеллезiне — 882 796 бас (iрi қара мал — 390 643, ұсақ мал — 488 530, жылқы — 497, шошқа — 2 474, ит — 652), ірі қара мал лейкозына — 2 400 бас, хламидиозға — 2 593 бас, тұқымдық қошқарлардың жұқпалы эпидидимитіне — 2 696 бас, ірі қара мал туберкулёзіне – 497 200 бас, жылқы маңқасына – 8 150 бас зерттелдi.

Зертханалық зерттеу нәтижесi бойынша бруцеллезбен ауыратын 206 бас iрi қара мал анықталды, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 254 басқа аз (2021 жылы — 460 бас).

Мына аудандарда ірі қара мал бруцеллезі анықталды: Айыртау ауданында – 45 бас, Ақжар ауданында – 71 бас, Аққайың ауданында – 33 бас, М. Жұмабаев ауданында – 10 бас, Қызылжар ауданында – 40 бас, Уәлиханов ауданында – 7 бас.

2022 жылы жануарлар аурулары бойынша 25 қолайсыз пункт тіркелді, оның ішінде: ірі қара мал бруцеллезі бойынша – 3 (Қызылжар ауданы Надежка, Боголюбово, Шаховское ауылдары), Ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеиті және вирусты диареясы бойынша – 11 (Тайынша ауданы Краснокиевка ауылы аз. С.Л. Совваның, А.С. Жизницкийдің ауласы, Ясная Поляна ауылы аз. Н.И. Крапинскаяның, аз. Коваленконың ауласы, Ильич ауылы П.А. Масловтың ауласы, Зеленый Гай ауылы С. Геворгянның, И. Сычевскаяның, Ж. Амержановтың ауласы, Уәлиханов ауданы Қайрат ауылы «Kaz G Invest» АӨК, Қулыкөл ауылы К. Аскаровтың ауласы, Золотая Нива ауылы Қаратерек ауылы, Приозерное ауылы ЖК «Сидельников В.С.», Ақжан ауылы А.Н. Серый ЖҚШ) жылқы ринопневмониясы бойынша – 8 ( Смирнов ауылы «Сматаев Г.К.» ШҚ, Ленин ауылы А. Б. Байжанов, К.С. Хаметов ЖҚШ, Новоникольск ауылы «Рунде Н.О.» ШҚ, М. Жумабаев ауданы Таман ауылы, С.Х. Алмагамбетовтің ауласы, Сарытомар ауылы Х.К. Рысбаевтың ауласы, Возвышенка ауылы В.И. Сабадаштың ауласы, Молодогвардейск ауылы Е.М. Кенжебеваның ауласы, Надежка ауылы С.С. Тургуновтың ауласы), ірі қара мал пастереллезі бойынша – 1 (Тимирязев ауданы Ақжан ауылы А.Н. Серый ЖҚШ), жылқы сақауы бойынша – 1 (Айыртау ауданы Бірлестік ауылы К.К. Махметовтің ауласы), жылқы тұмауы бойынша – 1 (Есіл ауданы бұрынғы Орталық ауылы маңындағы қаша).

2021 жылы ірі қара мал бруцеллезі бойынша 9 қолайсыз пункт тіркелсе, 2022 жылы 3 пунктке дейін азайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының 504,7 мың бас төлі бірдейлендірілді, оның ішінде ірі қара мал — 128,3 мың бас, ұсақ мал — 170,7 мың бас, жылқы — 33,8 мың бас, шошқа — 171,7 мың бас.

Жануарлар және жүргiзiлген ветеринариялық iс-шаралар туралы мәлiметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру» ақпараттық жүйесiне енгiзiлдi.

Жануар иелеріне 301 бас ірі қара мал мен 1 бас жылқы үшін 37 млн. теңге өтемақы төленді.

Облыста 351 мал қорымы бар.

Мал қорымдарынан басқа оларға балама болып табылатын биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 35 инсинератор бар, оның ішінде 22 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор.

2022 жылы 24 мал қорымы салынды (Айыртау - 2, Аққайың – 4, Есіл – 1, Жамбыл - 2, М. Жұмабаев – 1, Қызылжар – 1, Мамлют – 2, Ғ. Мүсірепов – 3, Тайынша - 2, Тимирязев – 1, Уәлиханов – 4, Шал ақын - 1). Мал қорымына балама ретінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі АМТД – 500Д маркалы 2 инсинератор, Ақжар ауданының әкімдігі 2 инсинератор сатып алды.

11 мал қорымы реконструкцияланды (Аққайың – 1, Есіл – 3, М. Жұмабаев – 2, Тайынша – 1,Тайынша – 1, Қызылжар – 1, Тимирязев – 1, Шал ақын - 2).

Облыстың ветеринариялық қызметi мемлекеттiк қызметтiң 3 түрiн көрсетедi, оның iшiнде Басқарма мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 1 түрi «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» қызметiн, аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 2 түрi «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» қызметтерiн көрсетедi.

«ҚР АШМ «E-AGRICULTURE» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 48 015 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

- «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша 40 243 мемлекеттік қызмет, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 784, жеке тұлғаларға 32 459 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша 7 772 мемлекеттік қызмет, оның ішінде заңды тұлғаларға 1 675, жеке тұлғаларға 6 097 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Жалпы қаржыландыру көлемi 1,9 млрд. теңгенi құрады. Оның iшiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзуге 1,7 млрд. теңге, (аса қауiптi аурулардың профилактикасы мен диагностикасына — 1 млрд. 240 млн. 835 мың теңге, энзоотиялық ауруларға — 127 млн. теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға — 10,8 млн. теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруге — 184,1 млн. теңге.), бруцеллез малдың құнын өтеуге — 37 млн. тенге, ветеринариялық препараттар сатып алуға – 51,0 млн.теңге, қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, бірдейлендіру, вакциналау және стерилизациялауға — 42,6 млн. теңге.

2022 жылы ветеринариялық станцияларға 62 ветеринар маман жұмысқа орналасты, оның iшiнде жоғары және орта оқу орындарының 30 түлегi орналастырылды, республиканың жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 маман жұмысқа орналастырылды, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 4 маман және басқа да 27 маман жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар 2022 жылы Ж. Қизатов атындағы Есiл жоғары ауыл шаруашылығы колледжiне 59 адам, оның ішінде күндізгі оқуға 25 адам және сырттай оқуға 34 адам түсті.

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында 5 ветеринар маман біліктілігін арттыру курстарынан өттi, сондай-ақ Ж. Қизатов атындағы Есiл жоғары ауыл шаруашылығы колледжi негізінде өткізілген жануарларды дауалау жөніндегі операторларды даярлау курстарына 61 адам қатысты.

2023 жылға арналған мiндеттер:

Ветеринариялық iс-шараларды уақтылы және сапалы жүргiзу бiрiншi кезектегi мiндеттер болып табылады.

Осы жылы ветеринариялық іс-шараларды ақпан айынан бастап жүргізу жоспарланып отыр, бұл жануарларға жайылымға шығарғанға дейін ем-дом шараларын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бейінді комитетімен келісілді.

Нәтижесiнде тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталады және жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының тiркелу жағдайлары азайып, мал басы көбейедi және жануарлардың өнiмдiлiгi артады, қауiпсiз мал шаруашылығы өнiмiн өндiру қамтамасыз етiледi, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Ветеринариялық қызметтің негізгі міндеттері:

- тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау;

- ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге қатысатын ветеринар мамандардың жалақысын өсіру;

- процестерді цифрландыру, деректердің жиналуын және берілуін автоматтандыру;

- ветеринария саласына жас мамандарды тарту.

«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша 2022 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың бекіту туралы» бұйрық №27 2022 ж. 24.02.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурурарының диагностикасы жөніндегі 2022 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары

Ветеринариялық қызметтiң 2021 жылғы жұмысы және 2022 жылға арналған мiндеттерi туралы

2021 жылы эпизоотиялық салауаттылықты сақтау мақсатында барлық көзделген ветеринариялық iс-шаралар толық көлемде орындалды. Жануарлар мен құстардың 9 аса қауiптi және 3 энзоотиялық ауруына қарсы профилактикалық вакциналау, 14 ауруға диагностикалық зерттеу және 2 ауруға аллергиялық зерттеу жүргiзiлдi. Осылайша қода бар мал басы профилактикалық вакциналаумен және зерттеулермен қамтылды.

5 407,6 мың бас вакциналанды, оның iшiнде аса қауiптi ауруларға қарсы 5 028,4 мың бас (сiбiр жарасына қарсы — 1 046 815 бас, қарасанға қарсы — 231 450 бас, құтыруға қарсы — 111 003 бас, нодулярлы дерматитке қарсы — 335 100 бас, пастереллезге қарсы — 29 318 бас, вирустық диарея мен жұқпалы ринотрахеитке қарсы — 27 200 бас, жылқы ринопневмониясына қарсы — 10 500 бас, құс тұмауына қарсы — 3 млн. 200 мың бас (1 098 237+2 100 000), иттердiң дегельминтизациясы — 37 010 бас), және энзоотиялық ауруларға қарсы 379,2 мың бас (iрi қара мал гиподерматозына қарсы — 294 200 бас, жылқы сақауына қарсы — 70 300 бас, жылқы пироплазмидозына қарсы — 14 720 бас) вакциналанды.

Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзу үшiн 182 397,8 мың теңге сомасына 3 759,1 мың доза ветеринариялық препарат келiп түстi.

Барлығы 1 450,4 мың зерттеу жүргiзiлдi, оның iшiнде барлық жануар түрiнiң бруцеллезiне — 917,1 мың бас (iрi қара мал — 416 192, ұсақ мал — 499 005, шошқа — 1 100, жылқы — 216, ит — 582), хламидиозға — 1,9 мың бас, лейкозға — 3,5 мың бас, жұқпалы эпидидимитке — 2,9 мың бас, туберкулёзге 514,3 мың бас (iрi қара мал — 509 300, шошқа — 5000), жылқы маңқасына — 7,5 мың бас зерттелдi.

Зерттеу нәтижесi бойынша бруцеллезбен ауыратын 574 бас iрi қара мал анықталды (мемлекеттiк тапсырыс бойынша — 460, қолайсыз пункттерде — 114), бұл 2020 жылмен салыстырғанда 515 басқа аз (2020 жылы — 1 089 бас (мемлекеттiк тапсырыс бойынша — 502, қолайсыз пункттерде — 587).

Туберкулёзге 3 бас iрi қара мал оң әсер бердi (2020 жылы — 3 бас), лейкозға 40 бас, 2020 жылмен салыстырғанда 42 басқа аз (2020 жылы — 82 бас).

Мал иелерiне 402 бас iрi қара мал үшiн 37 млн. теңге өтемақы төлендi.

Iрi қара мал бруцеллезi бойынша тiркелген қолайсыз пункттердiң саны 2020 жылы 13 пункт болса, 2021 жылы 9 пунктке дейiн азайды (Тауағаш, Плоское, Боголюбов, Толмачевка, Камышлово, Көбенсай, Беcкөл, Пеньков, Шаховское ауылдары).

Өткен жылы құс тұмауының профилактикасы бойынша алдын ала шаралар қабылданды, құс тұмауының профилактикасы бойынша кешендi жоспар бекiтiлдi, вакциналау көлемi ұлғайтылды, барлық мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылы жолға қойылды.

Шамамен 3 млн. 200 мың бас құс вакциналанды, оның iшiнде құс шаруашылықтарында — 2 млн. 100,0 мың бас, жеке қосалқы шаруашылықтарда — 1 млн. 100,0 мың бас.

Осының арқасында ауру 2 елдi мекен — М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылында және Тимирязев ауданы Дружба ауылында ғана тiркелдi. Қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлдi, себептерi анықталды, кiнәлi адамдар жауаптылыққа тартылды.

Ветеринариялық қызмет жануарлар мен құстардың иелерiне ветеринариялық заңнаманың нормаларын және аурулардың алдын алу шараларын түсiндiру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргiзедi (құстарды жабайы және синантроп құстармен жанасуын болдырмайтын жағдайларда ұстау, қорада ұстау, тормен қоршау, қалқаларды жабдықтау, үркiту, сондай-ақ құстарды вакциналау, құс өсiретiн кәсiпорындарда жабық түрде ұстауды қамтамасыз ету және т.б.).

446,7 мың бас төл бiрдейлендiрiлдi, оның iшiнде: 124,6 мың бас iрi қара мал, 154,9 мың бас ұсақ мал, 38,8 мың бас жылқы, 128,4 мың бас шошқа.

Жануарлар және жүргiзiлген ветеринариялық iс-шаралар туралы мәлiметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру» ақпараттық жүйесiне енгiзiлдi.

Облыста 379 мал қорымы бар.

2021 жылы аудан әкiмдерi 26 мал қорымын салуды және 83 мал қорымын реконструкциялауды қамтамасыз етуi қажет болатын.

14 мал қорымы салынды (Айыртау ауданында — 2, Жамбыл ауданында — 2, Мамлют ауданында — 4, М.Жұмабаев ауданында — 1, Тайынша ауданында — 4, Шал ақын ауданында — 1). Тимирязев ауданының әкiмдiгi мал қорымына балама ретiнде АМТД — 500Д инсинераторын сатып алды.

15 мал қорымы реконструкцияланды (Жамбыл ауданында — 6, М.Жұмабаев ауданында — 1, Ғ.Мүсiрепов ауданында — 2, Тайынша ауданында — 2, Тимирязев ауданында — 4).

Биыл жұмыс жалғасатын болады.

Облыстың ветеринариялық қызметi мемлекеттiк қызметтiң 3 түрiн көрсетедi, оның iшiнде Басқарма мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 1 түрi «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» қызметiн, ветеринариялық станциялар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 2 түрi «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» қызметтерiн көрсетедi.

58 194 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша — 41 169, «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша — 17 024, «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бойынша 1 қызмет көрсетiлдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Жалпы қаржыландыру көлемi 1,5 млрд. теңгенi құрады. Оның iшiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзуге 1,4 млрд. теңге, (аса қауiптi аурулардың профилактикасы мен диагностикасына — 1 млрд. 104 млн. теңге, энзоотиялық ауруларға — 105 млн. теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға — 31 млн. теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруге — 120,4 млн. теңге.), бруцеллез малдың құнын өтеуге — 37 млн. тенге, ветеринариялық препараттар сатып алуға – 45,2 млн.теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 67 млн.теңге.

Ветеринариялық станцияларға 57 ветеринар маман жұмысқа орналасты, оның iшiнде жоғары және орта оқу орындарының 11 түлегi орналасты.

Бiлiктiлiктi арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы филиалы негiзiнде 30 ветеринар маман курстардан өттi. Ж.Қизатов атындағы Есiл жоғары ауыл шаруашылығы колледжiнде 51 адам даярлықтан өтiп, «Жануарларды ветеринариялық дауалау жөнiндегi оператор» бiлiктiлiгiн алды. Жұмыс iстейтiн 18 маман жоғары оқу орындарында сырттай оқиды. «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 9 жас маман әлеуметтiк қолдау шараларын алды.

2022 жылға арналған мiндеттер:

Ветеринариялық iс-шараларды уақтылы және сапалы жүргiзу бiрiншi кезектегi мiндеттер болып табылады.

Ағымдағы жылы аса қауiптi ауруларға қарсы 5 633, 7 мың басқа профилактикалық iс-шаралар жоспарланған, бұл 2021 жылға қарағанда 226,1 мың басқа артық және 1 455, 7 мың басты диагностикалық зерттеу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 мың басқа артық.

Нәтижесiнде тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталады және жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының тiркелу жағдайлары азайып, мал басы көбейедi және жануарлардың өнiмдiлiгi артады, қауiпсiз мал шаруашылығы өнiмiн өндiру қамтамасыз етiледi, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Мемлекет Басшысының 2021 жылғы 01 қыркүйектегi Жолдауы тұрғысында Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, ветеринария саласын реформалау бойынша жұмыс жалғасатын болады, жұмыс барысында:

  1. орталық пен өңiрлер арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiн нақты ажырату;
  2. процестердi цифрландыру, деректердi жинауды және берудi автоматтандыру;
  3. кадрларды даярлау және ветеринарлардың жалақысын арттыру көзделген.

Ветеринариялық қызметтiң 2021 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы

Ветеринариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларының диагностикасы мен профилактикасы бойынша ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар уақтылы жүргiзiледi.

Жануарлар мен құстарға 21 ауруға (18 аса қауiптi және 3 энзоотиялық ауру) қарсы 2 616 271 профилактикалық вакцина егiлдi.

2021 жылдың басынан бастап жануарлардың барлық түрiнiң бруцеллезiне барлығы 750 380 диагностикалық зерттеу жүргiзiлдi, 355 320 басқа аллергиялық зерттеу (туберкулез) жүргiзiлдi.

435 бас iрi қара малдың, 1 бас иттiң бруцеллёзге оң әсер бергенi анықталды.

Iрi қара мал бруцеллезiнiң 520 басқа азайғаны байқалады.

Ағымдағы жылы барлығы 22 қолайсыз пункт тiркелдi, оның iшiнде бруцеллез бойынша 6 пункт, iрi қара мал ринотрахеитi бойынша 1 пункт, жылқы ринопневмониясы бойынша 2 пункт, вирусты диарея бойынша 1 пункт, құс тұмауы бойынша 1 пункт, iрi қара малдың құтырмасы бойынша 11 пункт. Әрекеттегi пункт саны — 11, оның 1-еуi сауықтыру iс-шараларының аяқталуына байланысты алынатын болады

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, қолайсыз пункттердiң саны 15-тен 11-ге дейiн кемiгенi (-4) байқалады.

Облыста тiзiлiмге сәйкес 379 мал қорымы бар.

Қолда бар барлық мал қорымдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекiтiлген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкес келмейдi (1950-1960 жылдардағы қарабайыр құрылыстар).

2021 жылы 26 мал қорымын салу және 83 мал қорымын реконструкциялау бойынша жоспар бекiтiлдi.

Осы жылдың басынан берi 8 мал қорымы салынды (Айыртау ауданында — 2, Мамлют ауданында — 4, Тайынша ауданында — 2). Тимирязев ауданының әкiмдiгi Дзержинский ауылына мал қорымына балама ретiнде құны 3,2 млн. теңгеге АМТД-500Д сатып алды.

Облыста биологиялық қалдықтарды жою үшiн мал қорымдарынан басқа оларға балама болып табылатын 31 инсинератор, оның iшiнде 18 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор бар.

2021 жылға Ветеринария басқармасын 1 725,8 млн. теңге сомасында қаржыландыру жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда, қаржыландыру көлемi 16,8%-ға өскен.

Жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринар мамандарының жалпы штат саны — 422 бiрлiк, оның iшiнде ветеринариялық станциялар мен пункттерде 398 бiрлiк. Нақты штат саны — 368 бiрлiк (54 бос орын), оның iшiнде ветеринариялық станциялар мен пункттерде — 347 бiрлiк (51 бос орын).

2021 жылы барлығы 52 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде:

  • 10 түлек;
  • республиканың жұмыс күшi көп аймағынан қоныстандыру бағдарламасы бойынша 2 адам;
  • «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 8 жас маман;
  • басқа да 32 адам.

 

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларының диагностикасы мен профилактикасы бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар уақтылы жүргізіледі. 2021 жылдың 1-ші тоқсанында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың 60%-ы орындалды.

Жануарлар мен құстарға 12 ауруға (9 аса қауіпті және 3 энзоотиялық ауру) қарсы 889 364 профилактикалық вакциналау жүргізілді.

2021 жылдың 1-ші тоқсанында жануарлардың барлық түрінің бруцеллезіне барлығы 287 894 диагностикалық зерттеу, 162 545 басқа аллергиялық зерттеу (туберкулез) жүргізілді.

2021 жылдың 1-ші тоқсанында 190 бас ірі қара мал, 1 бас ит бруцеллезге оң әсер берді.

Ірі қара мал бруцеллезінің 98 басқа азайғаны байқалып отыр.

Үстіміздегі жылы 4 қолайсыз пункт тіркелді. Әрекеттегі пункт – 4, сауықтыру іс-шараларының аяқталуына байланысты 4-еуінен шектеу алынатын болады.

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, қолайсыз пункттердің 2-ден 0-ге (- 2) азайғаны байқалып отыр.

Құс тұмауы бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты. Өткен жылы құс тұмауының тіркелуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құс тұмауының алдын алу жөніндегі іс-шаралардың 2021 жылға арналған кешенді жоспары әзірленді.

2021 жылдың басынан бастап 145,1 мың бас төл бірдейлендіріліп, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына енгізілді, оның ішінде: 54,2 мың бас ірі қара мал, 58,8 мың бас ұсақ мал, 4,3 мың бас жылқы, 27,8 мың бас шошқа.

Облыста тізілімге сәйкес 379 мал қорымы бар.

Барлық мал қорымдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай келмейді (қарапайым мал қорымдары 1950-1960 жылдары салынған).

2020 жылы 3 мал қорымы (Мамлют ауданында — 2, Тайынша ауданында — 1) салынды. Жамбыл ауданының әкімдігі Пресновка ауылында мал қорымына балама ретінде құны 4 млн. теңгеге АМТ-1000 крематорын сатып алды.

11 мал қорымы реконструкцияланды (Аққайың ауданында — 1, Жамбыл ауданында — 1, М. Жұмабаев ауданында — 2, Қызылжар ауданында — 4, Шал ақын ауданында — 3). Осы мақсаттарға аудандық бюджеттен шамамен 28,7 млн. теңге бөлінді.

2021 жылы 26 мал қорымын салу және 83 мал қорымын реконструкциялау жөніндегі жоспар бекітілді.

Облыста мал қорымдарынан басқа биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 31 инсинератор бар, оның ішінде 18 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор, олар мал қорымдарына балама болып табылады.

2021 жылы Ветеринария басқармасын 1 686,1 млн. теңге сомасында қаржыландыру жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, қаржыландыру көлемі 15,8%-ға артқан.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария мамандарының жалпы штат санын 422 бірлік құрайды, оның ішінде ветеринариялық станциялар мен пункттерде — 398 бірлік. Нақты саны  — 362 бірлік (60 бос орын), оның ішінде ветеринариялық станциялар мен пункттерде — 341 бірлік (57 бос орын).

2020 жылы барлығы 42 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:

  • 12 түлек;

  • республиканың жұмыс күші мол аймақтарынан қоныс аудару бағдарламасы бойынша 5 адам;

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 10 жас маман;

  • басқа да 15 адам.

2020 жылы 145 520 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2020 жылы «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 8-бабы 32-1) тармақшасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциялары ветеринария саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) аумақтық ведомстволарына берілді, сәйкесінше есептік нөмірлерді беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету функциясы жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына берілді.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік қызметінің бизнес-процестері ветеринариялық паспорт беру рәсімін сақтай отырып, жануарға бірдейлендіру нөмірін беру және деректерді «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына енгізу тұрғысында қысқарту арқылы оңтайландырылды.

2021 жылы жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қызметімен айналысуға лицензия беру электрондық форматқа көшірілді.

 

2020 жылғы сәуiр айында ветеринариялық қызмет қайта ұйымдастырылды. Аудандардың ветеринария бөлiмдерiнiң ветеринар мамандары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аумақтық инспекцияларына (50 бiрлiк) және ветеринария басқармасына (16 бiрлiк) берiлдi. Аудандардың ветеринариялық станциялары басқармағына қарамағына өттi. Осылайша «облыс — аудан — ауылдық округ» бағыну вертикалi белгiлендi, ветеринариялық iс-шараларды басқару, ұйымдастыру және жүргiзу тәсiлдерi өзгердi.

Ветеринариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларының диагностикасы және профилактикасы бойынша ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар уақтылы жүргiзiледi.

2020 жылы ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар 100% орындалды.

Жануарлар мен құстарға 12 ауруға (аса қауiптi 9 ауру және 3 энзоотиялық ауру) қарсы 3 541,9 мың профилактикалық вакцина егiлдi.

2020 жылы барлығы 1 514,9 мың зерттеу жүргiзiлдi, соның iшiнде барлық жануар түрiне 14 ауруға 997,4,3 мың диагностикалық зерттеу, 517,5 мың басқа аллергиялық зерттеу жүргiзiлдi (туберкулёз, маңқа).

2020 жылы бруцеллёзге 502 бас iрi қара мал, 3 бас ұсақ мал, туберкулезге 3 бас оң реакция бердi.

Iрi қара мал бруцеллезi 418 басқа, ұсақ мал бруцеллезi 16 басқа, iрi қара мал туберкулезi 64 басқа азайғаны байқалды.

Ағымдағы жылы 14 қолайсыз пункт тiркелдi, 9 елдi мекеннен шектеу алынды. Әрекеттегi 12 пункт бар, соның iшiнде сауықтыру iс-шараларының аяқталуына байланысты 7 пункттен шектеу алынады.

5 қолайсыз пункт 2021 жылға өтедi.

2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, қолайсыз пункт саны 22-ден 14-ке (- 8) азайғаны байқалды.

Құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайға қатысты. Барлығы 52 қолайсыз пункт тiркелдi.

Ошақтарда ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлдi — қырылған және байланысты болған құстар алып қойылды және жойылды, механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргiзiлдi.

873 мың доза вакцина бөлiндi, 628,3 мың басқа вакцина егiлдi. Жұмыс аяқталды. Алып қойылған құстардың иелерiне ақшалай өтемақы төлендi.

Ветеринариялық iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне байланысты карантин алынды.

Құс тұмауы бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақтанды.

Ресей Федерациясының Омбы облысында шошқалардың африкалық обасының тiркелуiне байланысты, облыс аумағында аурудың таралуына жол бермеу мақсатында, облыстың ветеринариялық қызметi бiрқатар шара қолданды, атап айтқанда:

  • Шошқалардың африкалық обасының пайда болуының алдын алу, инфекцияның Ресей Федерациясының шекаралас субъектiлерiнен Солтүстiк Қазақстан облысының аумағына әкелiнуiне және таралуына жол бермеу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық iс-шаралардың кешендi жоспары бекiтiлдi;
  • тұрғындар арасында шошқалардың африкалық обасының алдын алу мәселесi жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлуде (жаднамалар, плакаттар);
  • шошқа өсiру шаруашылықтарын ветеринариялық-санитариялық бақылау күшейтiлдi.

Осы шаралардың қолданылуы облыс аумағында аурудың пайда болу және таралу қаупiн барынша азайтуға мүмкiндiк бередi.

2020 жылдың басынан бастап 436,2 мың бас төл бiрдейлендiрiлiп, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру» дерекқорына енгiзiлдi, соның iшiнде: 104,7 мың бас iрi қара мал, 162,4 мың бас ұсақ мал, 36,2 мың бас жылқы, 132,7 мың бас шошқа.

Облыста тiзiлiмге сәйкес 379 мал қорымы бар.

Қолд бар барлық мал қорымдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекiтiлген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сай келмейдi (қарапайым мал қорымдары 1950-1960 жылдары салынған).

Ағымдағы жылы 3 мал қорымы салынды (Мамлют ауданында — 2, Тайынша ауданында — 1). Жамбыл ауданының әкiмдiгi Преснов ауылында мал қорымына балама ретiнде құны 4 млн. теңге АМТ-1000 крематорын сатып алды.

11 мал қорымы реконструкцияланды (Аққайың ауданында — 1, Жамбыл ауданында — 1, М. Жұмабаев ауданында — 2, Қызылжар ауданында — 4, Шал ақын ауданында — 3).

Аудандық бюджеттерден осы мақсаттарға шамамен 28,7 млн. теңге бөлiндi. Келесi жылы жұмыс жалғасатын болады.

Облыста мал қорымдарынан бөлек биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 31 инсинератор бар, соның iшiнде 18 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор, олар мал қорымдарына балама болып табылады.

2020 жылы ветеринариялық станциялардың басқарма қарамағына берiлуiне байланысты, ветеринариялық iс-шараларға облыстық бюджеттен 1 225,5 млн. теңге қаражат бөлiндi. Өткен жылғымен салыстырғанда, қаржыландыру көлемi 21,2%-ға өстi.

2021 жылы 1 470,7 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, 2020 жылғымен салыстырғанда, қаражат көлемi 20%-ға артады.

Жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринар мамандарының жалпы штат саны 417 бiрлiк, оның iшiнде ветеринариялық станциялар мен пункттерде 392 бiрлiк. Нақты штат саны — 354 бiрлiк, оның iшiнде ветеринариялық станциялар мен пункттерде 335 бiрлiк (57 бос жұмыс орны бар).

2020 жылы 42 адам жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде:

  • 12 түлек;
  • республиканың жұмыс күшi мол аймағынан қоныс аудару бағдарламасы бойынша 5 адам;
  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 10 жас маман;
  • одан басқа 15 адам.

2020 жылы 137 580 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 8-бабы 32-1) тармақшасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзу функциялары ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi) аумақтық ведомстволарына берiлдi, сәйкесiнше есептiк нөмiрлердi беру бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету жергiлiктi атқарушы органдардан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясына берiлдi.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк қызметiн көрсету бизнес-процестерi оларды ветеринариялық паспорт беру рәсiмiн сақтай отырып, жануарға бiрдейлендiру нөмiрiн беру және деректердi «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру» дерекқорына енгiзу тұрғысында қысқарту арқылы оңтайландырылды. Бүгiнгi күнi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге ветеринариялық паспорттарды электрондық форматта беруге қатысты өзгерiстер енгiзiлiп жатыр. Бұл норма ветеринариялық паспорттарды берудi оңайлатады және көрсетiлетiн қызметтi алушылардың оны алуын жылдамдатады.

Сонымен қатар 2021 жылы жануардан алынатын өнiм мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу қызметiмен айналысуға лицензия беру электрондық форматқа көшiрiлетiн болады, бұл сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi үшiн жасалатын жағдайларды азайтады (көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тiкелей байланысын болдырмайды), ветеринариялық құжаттарды рәсiмдеу кезiнде жiберiлетiн қателердiң санын төмендетедi.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
05 июня 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы