Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылғы 21 желтоқсанда сайлау алдындағы телевизиялық пікірталас

2020 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ аймақтық «Qyzyljar» телеарнасының тікелей эфирінде 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген партиялық тізімдер бойынша сайланатын Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлауалды телевизиялық пікірсайыстар өтті.

Теледебаттарға бес партияның өкілдері қатысты:

Мартемьянов Сергей Валерьевич – «Қазақстанның Халық партиясы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы;

Кинцель Евгений Юрьевич – «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;

Мамбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы – «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;

Баймұхамбетов Қанат Талғатұлы – «ADAL» саяси партиясы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;

Барлыбаев Аймағанбет Сабарұлы – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Петропавл қалалық партия ұйымының төрағасы.

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес телевизиялық пікірталас 3 раундқа бөлінді.

Бірінші раундтың тақырыбы – «Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы».

Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастардың бірінші раунды екі турда өтті. Бірінші турда әрбір қатысушы өздері ұсынған партияның сайлауалды бағдарламасын ұсыну мақсатында сөз сөйледі. Екінші тур қатысушылардан өз қарсыластарына «сұрақ-жауап» дискуссиялық сессия түрінде өтті. Қатысушылар қарсыластарына екі сұрақтан қойды, сонымен қатар қарсыластар қойған екі сұраққа жауап берді.

Екінші раундтың тақырыбы – «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты».

Екінші раунд екі турдан тұрды. Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырыпта сөз сөйледі. Екінші турда телевизиялық пікірталас қатысушыларының әрқайсысына жүргізушіден бір сұрақ қойылды.

Үшінші раундтың тақырыбы – «Сайлаушыларға үндеу». Үшінші соңғы раундта, қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінді.

Регламентте айқындалған барлық рәсімдер сақталды. Қатысушыларға сөз сөйлеу үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалды. Студияда регламенттің сақталуы мен пікірталастардың жалпы өткізілуін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Васильевич Калинин бақылап отырды.

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы