Меню

Страницы

Статья

Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есiк күнi»

2020 жылдың 27 қарашасы

«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналды. Алайда коронавирус iндетiне (Covid-19) байланысты салымшылармен кездесудi Қор филиалдарында күндiзгi форматта өткiзу мүмкiн емес болғандықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны биыл екiншi рет виртуалды кеңiстiкке көшiрдi.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегiмен онлайн форматтағы iс-шараға қатысып, үйiнен шықпай-ақ, «Ашық есiк күнi» шарасына қатыса алды.

Бұл жолы кездесу шеберлiк сабағы форматында өттi, өйткенi, негiзгi қатысушылар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi болды. Ал iс-шара «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi. Зейнетақыны жоспарлау» атты тақырыпқа арналды.

Жастардан құралған мақсатты аудитория кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткенi, студенттердiң басым бөлiгi жақын арада БЖЗҚ салымшыларына айналады. Ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын да дәл осы кезең аралығында жүргiзу қажет. Ең маңызды нәрсе, жас ұрпақтың Қордың жұмысы, ұсынатын қызметтерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушысы бола отырып, зейнетақы жарналарын өзiнiң жеке зейнетақы шотына аударудың маңыздылығы туралы мағлұмат алуы болмақ. Өйткенi, жастардың өз болашағы үшiн азаматтық, моральдық жауапкершiлiгi мен өзiн-өзi лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуге деген талпынысын дамыту аса маңызды iс.

Iс-шараға қатысқан адамдар саны елiмiз бойынша жоғары деңгейдi көрсеттi, қатысушылардың әрқайсысы «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзудiң электрондық форматына ризашылықтарын бiлдiрдi. Өз кезектерiнде олар Қор қызметкерлерiнiң елiмiздiң зейнетақы жүйесi туралы қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты қолжетiмдi әрi түсiнiктi етiп ұсына алғандарын атап өттi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы