Меню

Страницы

Статья

Жеке зейнетақы шотыңызды интернет арқылы бақылап отырыңыз

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйi туралы хабардар ету жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзiп келедi.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселерiне тiкелей келiп, сондай-ақ, дәстүрлi пошта арқылы үзiндi көшiрме алуға және электрондық тәсiлдердi пайдалана отырып бiлуге болады.

Қазiргi кезде ЖЗШ-ның жай-күйi туралы ақпарат алудың ең танымал тәсiлi — интернет байланысы. Оны 6,6 млн-нан астам ЖЗШ иелерi таңдады (барлық ЖЗШ-лардың жалпы санының 54,2%). Бұл ретте салымшылар мен алушылар 5 762 454 шоттың жай-күйi туралы enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы қалаған уақытында, әлемнiң кез келген түкпiрiнен бiле алады. Осындай хабарлау тәсiлiн таңдағандар саны бiр жылда 225 125 адамға (4%) артты.

БЖЗҚ-ға берiлген электрондық пошта мекенжайына жiберiлетiн үзiндi көшiрменi 853 954 адам алады. Ол шот иесiне өзi таңдаған кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын келiп тұрады.

Үзiндi көшiрменi дәстүрлi пошта арқылы алу тәсiлiн әлi күнге дейiн 1 297 726 адам қолданады. Алайда пошта байланысын ақпарат алу тәсiлi ретiнде 2 939 233 салымшы мен алушы таңдаған 5 жыл бұрынғы, яғни 2015 жылдың көрсеткiшiмен салыстырғанда ол 44 % азайған. Ақпарат алудың бұл түрiне деген қажеттiлiктiң едәуiр төмендегiнiн осыдан-ақ көруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ егер салымшы (немесе алушы) ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрменi жылына бiр рет дәстүрлi пошта арқылы алуды қалап, бiрақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол жайында Қорға хабарлауы тиiс екенiн мәлiмдейдi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында әлгiндей талапты мекенжайы өзгергеннен кейiн 10 күн iшiнде орындауы қажет деп көрсетiлген. Бұлай болмаған жағдайда пошта операторы зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi адресатқа жеткiзе алмай, ол Қорға қайтып оралады. Сондықтан БЖЗҚ келесi жылдан бастап хабарлау мәртебесi «анықталмаған» деп белгiленетiн салымшыға(алушыға) үзiндi көшiрменi жiбермейдi. Қараша айының басында мұндай салымшылардың саны зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша шоттардың жалпы санының 1 млн-нан астамын немесе 8,8% құрады.

Қор кеңселерiне «өзi келген кезде» ақпарат беру тәсiлi 3 029 417 адамда айқындалған. Ал өткен жылы бұл көрсеткiш 1 938 547 өтiнiштi құрады. Өсiм — 56,3%. Алайда бұл статистиканы көбiнесе жаңадан ашылған шот иелерiнiң толықтырғанын ескерген жөн. Осыған байланысты БЖЗҚ зейнетақы жүйесiне жаңадан келгендерге 2019 жылдан бастап мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша ЖЗШ ашу үшiн шарт жасаудың қажетi жоқ екенiн ескертедi. Бiрiншi жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады. Жеке тұлғаны сәйкестендiру мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Мұндай шотты ашу кезiнде хабарлау тәсiлi автоматты түрде «Өз келiп, өтiнiш бiлдiрген» болып айқындалады. Яғни, ЖЗШ-сы жақында ашылған барлық салымшыларға БЖЗҚ кеңсесiне жеке басын куәландыратын құжатпен келiп, қажеттi хабарлау тәсiлiн таңдау ұсынылады. Сондай-ақ, мұны электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда enpf.kz сайты арқылы қашықтықтан жасауға болады.

БЖЗҚ жеке зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсiлмен үнемi қадағалап отыру қажеттiлiгiн ескертедi. Ол шотыңыздың үнемi толығып отыратынына көзiңiздi жеткiзiп, болашақ зейнетақыңызды жоспарлауда сенiмдi болуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы