Меню

Страницы

Статья

Облыс бюджетінің атқарылуы (2020 жылғы 9 айда)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей: «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамыту мен әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2020 жылғы 3 тоқсанда жоспардағы 238 002,9 млн. теңгеден 105,7%-ға атқарылды немесе 225 136,6 млн. теңге түсті.

Жеке кіріс бойынша жоспар 42 548,0 млн. теңге сомасында немесе 130,6% атқарылды (жоспар – 32 575,6 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 29 787,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 13 406,7 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 16 381,1 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 38 419,7 млн. теңге немесе 129,0%, сонымен қатар облыстық бюджетке 19 312,8 млн. теңге немесе 144,1%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне – 19 106,9 млн. теңге немесе 116,6%.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 170 279,8 млн. теңге сомасында немесе 100,0% түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2020 жылғы 9 айда 99,8% атқарылды, жоспардағы 228 584,7 млн. теңгеден шығыстар 228 137,5 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 447,2 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2020 жылғы 3 тоқсанда 63 254,2 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар – 63 316,8 млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 2 089,3 млн. теңге, игерілгені – 2 079,4 млн. теңге немесе 99,5 % .

Күрделі жөндеуге 3 589,3 млн. теңге бағытталды, игерілу 3 556,9 млн. теңгені немесе 99,1% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2 431,3 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,8 пайызды құрады (жоспар 2 436,7 млн. теңге).

1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2020 жылғы 3 тоқсанда шығыстар 7360 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9 % (жоспар 7367,8 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 448,3 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады.

2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 9 455 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады (жоспар 9 459 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 197 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 197 млн. теңге).

3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 4 857,7 млн. теңгеден 4 835,1 млн. теңгені немесе 100% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 100,3 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100%.

4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 6 318,6 млн. теңгеден 6 283,6 млн. теңге немесе 99,0% игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 280,2 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 280,2 млн. теңге немесе 100%).

5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2020 жылғы 1 қазандағы тұрғын үй салуға шығыстар 8 855,8 млн. теңгені құрады (жоспар 8 879,4 млн. теңге немесе 99,7%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3008,6 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.

Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 3 000,3 млн. теңге бөлінді, жоспар 1.10.20 ж. 2 153,8 млн. теңге, 2 153,8 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы 19951,1 млн. теңге игерілді (жоспар 20011,9 млн. теңге немесе 99,7%).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту; 
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту; 
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау;
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
  10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2020 жылға нақтыланған жоспар 3 290,2 млн. теңгені құрайды. 2020 жылғы 1 қазандағы жоспардағы 2 037,6 млн. теңге бойынша атқарылу 2 037,6 млн. теңгені немесе 100% құрады, оның ішінде:

  • есептік кезеңге жоспар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 696,76 млн. теңге, 1 696,76 млн. теңге игерілді, яғни 100%;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге есепті кезеңге жоспардағы 319,9 млн. теңге бойынша 319,9 млн. теңге игерілді, яғни 100%.
  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау, есепті кезең жоспарындағы 0,0 млн. теңгеден 0% игерілді;
  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру, есепті кезең жоспарындағы 21,0 млн. теңгеден 100% игерілді;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2020 жылы 46 943,9 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 20 996,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2 777,9 млн. теңге нысаналы трансферттер, облигации 23 170,0 млн. теңге

2020 жылғы 9 айда жоспардағы 30 697,3 млн. теңге бойынша игерілу 30 564,6 млн. теңгені немесе 99,6 пайызды құрады.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы