«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирдi және баспа алаңын төлеудiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi сайлау алдындағы үгiт жүргiзу басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешiктiрмей) тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау және жариялау тиiс екендiгiн еске саламыз.
Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшерi, эфирдi және баспа алаңын беру шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн кандидаттардың үгiт материалдарын орналастыру, тарату үшiн эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нiң 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға — 30 АЕК мөлшерiнде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау бойынша эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтер — Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына сiлтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/kaz/tercomms/
Баспасөз қызметi
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрi — Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгiт жүргiзу басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешiктiрмей) хабарлануға және жариялануға тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгiттiк материалдарын орналастыру, тарату үшiн эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшерi, ұсыну шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нiң 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға — 30 АЕК мөлшерiнде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтер — Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.