«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 2-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектi сайлауы тағайындалсын.
2. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн ұсыну мерзiмiнiң аяқталуы 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат он сегiзге дейiн белгiленсiн.
3. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу мерзiмiнiң аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат он сегiзге дейiн белгiленсiн.
4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етсiн
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 21 қазан,
№ 29/334