Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын дайындауды және өткiзудi ұйымдастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Қ. Тоқаев

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы