Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 31 тамызды дейінгі кезеңге тиімділік аудитін өткізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар белгілі болды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде ең көп бұзушылықтарға жол берген; специфика сомасын ағымдағы айдан және керісінше ауыстыру; іссапар шығынын өтеу бойынша артық төлем; қызметкерлерге жалақыны артық аудару; қызметкерлерге негізсіз төленген сыйлықақы; мемлекеттік сатып алуды № 434, № 106 заңдарды бұзып жүзеге асыру.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме жол берген бұзушылықтар, атап айтқанда сотқа өздері қабылдаған шарт міндеттемесін толық орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен жүгінбеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына енгізілген өзгерістердің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні өткен соң веб-порталға орналастырылуы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің салдары болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістерді үнемі қадағалап отыру қажет. Жаңадан қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеп, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, бұдан былай мұндай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде кешенді шараларды уақытылы белгілеп, қабылдау керек.