Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабына, 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз етсін.
2. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау науқанын өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамы оның орналасқан жері көрсетіле отырып, 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы
А. Сақыпкереев
Петропавл қ.
2026 жылғы 13 қазан
№ 53/01