2026 жылғы 13 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралды.
Комиссия отырысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жоспары, мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау құжаттамасын дайындау мәселесі қаралды.
Басқа да мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтарға қатысты тиісті қаулылар қабылданды.
Облыстық сайлау комиссиясы