2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 35 152 өтініш түсті, бұл 10% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 31 910 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының жоғарлауына байланысты.
Ең өзекті мәселелер:
15,3% - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері (5390) 2025 жыл – 7137.
21,7% - білім беру (7619 өтініш) 2025 жыл – 5881.
12,1% - жер қатынастары (4252) 2025 жыл – 4370.
6,7% - ауыл шаруашылығы (2349) 2025 жыл – 2232.
5,3% - денсаулық сақтау (1864) 2025 жыл – 1160.
Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:
Петропавл қаласы (7065)
Қызылжар ауданы (1697)
Тайынша ауданы (1143)
Айыртау ауданы (853)
М.Жұмабаев ауданы (664)
Есіл ауданы (667)
Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 13 224 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 83,9% (11 091) – жеке тұлғалар және 16,1% (2133) – заңды тұлғалар.
Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 44,7% (5923), зейнеткерлер – 15,7% (2081), көп балалы отбасылар – 3,2% (435), мүгедектік тобы бар адамдар – 3,7% (495), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 2,2% (299).
Өтініш білдірушінің орташа жасы – 43 жас.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 215 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 230), Үкімет Аппаратынан – 139 (2025 ж. – 190).
ТОП-5 СҰРАҚТАР:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 27%;
Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 23%;
Тұрғын үй мәселелері – 8%;
Жер мәселелері – 5%;
Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.
«Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс басшылығы 70 жеке қабылдау жүргізді, 281 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 19 қабылдау, 85 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 51 қабылдау, 196 адам. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс әкімі – 13 қабылдау, 71 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 49 қабылдау, 196 адам).
Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1972 қабылдау жүргізді, 2723 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында –2515 қабылдау, 3582 адам).
Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 750 адам келді. 88 қабылдау өтті, 268 кеңес берілді, 204 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 1102 адам келді, 111 қабылдау өтті, 571 кеңес берілді, 264 өтініш қабылданды).
Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 7760 адам келді. 456 қабылдау өтті, 3169 кеңес берілді, 3452 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 6372 адам келді, 594 қабылдау өтті, 3792 кеңес берілді, 219 өтініш қабылданды).
Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.