2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 30 343 өтініш түсті, бұл 7% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 28 196 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының жоғарлауына байланысты.
Ең өзекті мәселелер:
15,6% - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері (4734) 2025 жыл – 6418.
19,8% - білім беру (6013 өтініш) 2025 жыл – 4351.
12,4% - жер қатынастары (3768) 2025 жыл – 2002.
7,1% - ауыл шаруашылығы (1973) 2025 жыл – 1753.
5,4% - денсаулық сақтау (1650) 2025 жыл – 992.
Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:
Петропавл қаласы (6058)
Қызылжар ауданы (1466)
Тайынша ауданы (977)
Айыртау ауданы (764)
М.Жұмабаев ауданы (601)
Есіл ауданы (585)
Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 11 566 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 83,8% (9698) – жеке тұлғалар және 16,2% (1868) – заңды тұлғалар.
Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 45,4% (5227), зейнеткерлер – 16,7% (1917), көп балалы отбасылар – 4,3% (412), мүгедектік тобы бар адамдар – 4,7% (454), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 3,1% (299).
Өтініш білдірушінің орташа жасы – 42 жас.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 185 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 201), Үкімет Аппаратынан – 119 (2025 ж. – 159).
ТОП-5 СҰРАҚТАР:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 24%;
Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 21%;
Тұрғын үй мәселелері – 8%;
Жер мәселелері – 5%;
Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.
«Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыс басшылығы 64 жеке қабылдау жүргізді, 260 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 17 қабылдау, 76 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 47 қабылдау, 184 адам. (2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыс әкімі – 10 қабылдау, 50 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 42 қабылдау, 164 адам).
Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1822 қабылдау жүргізді, 2483 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында –1964 қабылдау, 2641 адам).
Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 675 адам келді. 82 қабылдау өтті, 243 кеңес берілді, 175 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында – 989 адам келді, 105 қабылдау өтті, 526 кеңес берілді, 229 өтініш қабылданды).
Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 6627 адам келді. 395 қабылдау өтті, 2702 кеңес берілді, 2904 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында – 6030 адам келді, 551 қабылдау өтті, 3579 кеңес берілді, 218 өтініш қабылданды).
Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.