Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 632 099,8 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ – 115,3%.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (86,0%), 2026 жылғы қаңтар-тамыз 543 480,4 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 114,5%.

2026 жылғы қаңтар-тамыз тамақ өнімдерінің өндірісі 264 670,5 млн. теңгені, НКИ – 101,7% - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 37,5% алып жатқан машина жасау саласында 203 768,2 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 127,9%.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінде 18 019,7 млн. теңгенің өнімі, НКИ – 240,6% өндірілді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2026 жылғы қаңтар- тамызда көлемі 71 422,3 млн.теңгені құрады, НКИ – 127,0%.

«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-тамызда өндіріс көлемі 12 225,4 млн. теңгені құрады, НКИ – 112,3%.

ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 3,1 мың жұмыс орнын құра отырып, 400,2 млрд. теңге сомасына 30 жобаны іске асыру жоспарланған.  

Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 282 786,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылғы қаңтар-тамыз айының деңгейіне 106,4%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 52,7 мың тоннаны немесе 2026 жылғы қаңтар-тамыз айының деңгейіне 101,1% құрады.

Сүт – 282,8 мың тонна (105,5%);

Жұмыртқа – 456,7 млн. дана (106,6%).

2026 ж. 01.09. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ – 293,7 мың бас  (101,7%);

о.і. сиыр – 147,9 мың бас (102,7%);

қой – 398 мың бас (105,8%);

ешкі  - 7,9 мың бас (98,7%);

жылқы – 147,9 мың бас (109,1%);

шошқа – 179,1 мың бас (138,8%);

құс – 3 781,8 мың бас (99,70%).

Кәсіпкерлік.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 33,2 мың бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2026 жылғы қаңтар-шілдеге 623,4 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,0%-ға өсті, оның ішінде тауарлар экспорты – 408,5 млн АҚШ доллары (өсім 67,9%), импорт – 214,9 млн АҚШ доллары (өсім 1,6%).

Экспорт бойынша негізгі серіктестер: Қытай (барлық экспорт көлемінің 0,3%), Өзбекстан (0,2%), Ауғанстан (0,1%), Иран, Ислам Республикасы (0,1%), Тәжікстан (0,1%).

Экспорттық жеткізілімдерде ең үлкен үлесті келесі тауар топтарының өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары» - барлық экспорт көлемінің 94,7%-ы немесе 386,9 млн АҚШ доллары (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,8 % - ға өсті).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері - Германия (барлық импорт көлемінің 0,4%), Қытай (0,3%).

Импорттық жеткізілімдердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар, аппараттар» (барлық импорт көлемінің 73,5% немесе 157,9 млн АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (10,6% немесе 22,8 млн АҚШ доллары), «Мал мен өсімдіктері өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары» (7,4% немесе 15,9 млн АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (4,5% немесе 9,7 млн АҚШ доллары), «Тоқыма және тоқыма бұйымдары» (0,9% немесе 2,0 млн АҚШ доллары), «Ағаш, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (0,6% немесе 1,2 млн АҚШ доллары), «Минералды өнімдер» (0,6% немесе 1,2 млн АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2026 жылғы қаңтар-шілдеге ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 425,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36,6%-ға артық, оның ішінде тауарлар экспорты – 47,8 млн. АҚШ доллары (өсім 27,1%), импорт – 378,0 млн. АҚШ доллары (өсім 37,9%).

Негізгі капиталға инвестициялар.

2026 жылғы қаңтар-тамыз айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 336 966,1 млн. теңгені немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 103,2% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 49,1%), мемлекеттік бюджеттен (16,1%), кредиттері (3,9%) және басқа қарыздық қаражат (30,8%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (35,6%), өнеркәсіп (24,1%), көлік және қоймалау (17,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,3%).

Тұрғын үй құрылысы. 2026 жылғы қаңтар-тамыз облыс аумағында жалпы ауданы 132 095 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге 100,8% құрайды.

Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылы:

- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 3,9 млрд.теңге (МБ – 3,9 млн.теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 4 131,6 млн. теңге.

Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 876,6 млн.теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы қантар-тамызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5251 адамды құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,0% құрады, бұл 2025 жылғы сәйкес деңгейде.

2026 жылғы 1 қыркүйекке 15 009 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 7660 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды.

2026 жылғы 1 қыркүйекке 599 азаматқа 254,0 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 12 млрд. 978,4 млн. теңгені құрады, 2026 жылғы 1 қыркүйекке жоспарындағы 5 млрд. 462,5 млн. теңгеден, 5 млрд. 462,5 млн. теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге арналған жылдық жоспар 1 млрд. 914,2 млн. теңгені (ЖБ – 1 млрд. 914,2 млн.теңге), есепті кезеңге арналған жоспар 1 млрд. 215,5 млн.теңге (ЖБ – 1 млрд. 215,5 млн.теңге) құрады, 1 млрд. 215,5 млн.теңге игерілді (ЖБ –1 млрд. 215,5 млн.теңге);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар – 3 млрд. 419,4 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 515,6 млн. теңге, РБ – 1 млрд. 903,8 млн. теңге) есепті кезеңге арналған жоспар 982,2 млн. теңгені құрады (ЖБ), 982,2 млн. теңге игерілді (ЖБ);

- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2026 жылға барлығы 1 млрд. 813,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қайта қолдану)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1 547,5 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 432,8 млн. теңгеден игерілу 432,8 млн.теңгені немесе 100%-ды құрады;

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Қызылжар аудандық ауруханасы үшін ас блогын салу –200,0 млн. теңге;

«СҚО Петропавл қаласы Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көшесі  мекенжайында сот-медициналық мәйітханасын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 10,7 млн.теңге;

Солтүстік Қазақстан Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу (қайта пайдалану) 55,3 млн. теңге.

Білім. «Білім беру» саласына 2026 жылға 164 033,2 млн. теңге қарастырылды.

2026ж.01.09 жоспардағы 109 945,8 млн. теңгеден игерілу 109 828,9 млн. теңгені немесе 99,9%-ды  құрады.

Барлығы 2026 жылға білім беру объектілерін дамытуға  945,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 945,0 млн. теңге.

- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамбыл ауылы мекенжайындағы Жамбыл мектебіне спорт залын салу – 104,0 млн. теңге.  Есепті кезең жоспарындағы 41,7 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Белое ауылында 120 орындық мектеп салу. Қосымша – 500 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 500,0 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ш. Уәлиханов – Чкалов мекенжайында 280 орындық балабақша салу. Түзету - 341 млн.  теңге. Есепті кезең жоспарындағы 238,1 млн. теңгеден игерілу 138,1 млн.  теңгені құрады. 100,0 млн. теңге игерілмеді – орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты.               

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 4 259,1 млн. теңге бөлінді.  

Есепті кезең жоспарындағы 2 425,8 млн. теңгеден 2 425,7 млн. теңге немесе 100,0% игерілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

2025-2026 жж.

2026-2027 жж.

 

Мектептер саны

439

439

100%

 

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2024 жыл

2025

жыл

Қаңтар-тамыз

2026 ж. 2025 ж. %

2025 жыл

2026 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

74,3

82,2

52,1

52,7

101,1

Сүт

мың тонна

370,7

382,8

268,0

282,8

105,5

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

602,7

631,51

428,3

456,7

106,6

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2026 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2026 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индекс

Дата публикации
22 сентября 2026
Дата обновления
22 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы