Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы  № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 30 маусымды дейінгі кезеңге тиімділік аудитін өткізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде еңбекақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша ең көп бұзушылықтарға жол бергені; іссапар шығыстары бойынша артық төлем жасағаны; негізгі құралдар мен қорлардың жетіспеушілігі, специфика сомасын ағымдағы айдан және керісінше ауыстыру, ЖЖМ талондарының жетіспеуі, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шара қабылданбағаны; мемлекеттік сатып алу № 434 Заңды, № 106 Заңды бұзып жүзеге асырылғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме жіберген бұзушылықтар, атап айтқанда сотқа өздері қабылдаған шарт міндеттемесін толық орындамаған жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шағым түсірмеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеткіліксіз білудің, нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтамаудың, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тарапынан лауазымдық және тұрақты бақылаудың болмауының салдары болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Жаңадан қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, Мекеме қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижесі бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, ондай бұзушылықтарды уақытылы жою және жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберу керек.

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы