Несие нарығы. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыстағы кредиттік салымдардың көлемі 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3% – ға ұлғайды және 481,3 млрд.теңгені құрады.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде Екінші деңгейдегі банктер 269,8 млрд. теңге сомасына кредиттер берді, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңнен 3,9% – ға төмен (2025 жылғы қаңтар-шілдеде 280,7 млрд.теңге).
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруге 2026 жылғы қаңтар-шілдеде 89,3 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,8% – ға артық (2025 жылғы қаңтар-шілде айларында 86,0 млрд. теңге). 2026 жылғы қаңтар-шілдеде берілген кредиттердің жалпы көлемінен шағын бизнеске берілген кредиттердің үлес салмағы 33,1%, 2025 жылы 30,6% құрады.
Тұтынушылық кредиттер 129,0 млрд. теңге берілді, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,2%-ға төмен (2025 жылғы қаңтар – шілде айлары-2025 жылғы қаңтар – шілде айлары-130,6 млрд. теңге).
Облыс бойынша мерзімі өткен берешек жалпы алғанда 16,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7% - ға өсті (12,1 млрд.теңге). Заңды тұлғалардың үлесіне 12,9%, жеке тұлғалардың үлесіне мерзімі өткен берешектің 87,1% келеді.
Депозиттік нарық. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың және банк филиалдары тартқан заңды тұлғалардың ақша қаражатының көлемі 666,1 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1% - ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2026 жылғы 1 тамызға қарай – 23,1% - ға 627,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 38,6 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 94,2% -ды құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 2025 жылғы көрсеткіштерге ұқсас – 5,8%.