«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңге тиімділік аудитін өткізді.
Өткізілген аудит барысында мыналар белгілі болды: Мекеме бюджет қаражатын пайдаланған кезде көбіне келесі бұзушылықтарға жол берген: специфика сомасын ағымдағы айдан және керісінше ауыстыру; коммуналдық қызметтерге спецификалар бойынша алдын ала төлем жасау; іссапар шығынын өтеу бойынша артық төлем; қызметкерлерге жалақыны артық аудару; қызметкерлерге негізсіз сыйлықақы төлеу; дизель отынының (талон) жеткіліксіздігі; мемлекеттік сатып алуды № 434 Заңды бұзып жүзеге асыру.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме бұзушылыққа жол берген, атап айтқанда сотқа өздері қабылдаған шарт міндеттемелерін толық орындамаған жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен жүгінбеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сонымен бірге Мекеме қаржылық есептілікті жасау кезінде жол берген бұзушылықтар (бұрмалау, деректерді жасыру) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 238-бабы 1-бөлігі 2) тармақшасында қарастырылған әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің салдары болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістерді үнемі қадағалап отыру қажет. Жаңадан қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеп, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, бұдан былай мұндай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде кешенді шараларды уақытылы белгілеп, қабылдау керек.