Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2026 жылға бекітілген бюджетті нақтылауға сәйкес Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

473 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 176 кресло-арба сатып алынды;

536 сурдо-техникалық құрал алу жоспарланып, 300 құрал сатып алынды;

803 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 566 құрал сатып алынды;

2034 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 974 құрал сатып алынды;

1276 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 475 адам қамтамасыз етілді.

5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear, Med-el, Neurolec сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жаялықтар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша 3770 іс-шара (құралдар) сатып алынды, 462 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 237 МБА-ға жеке көмекшілердің қызметтері, сондай-ақ 225 есту бойынша МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді.

Дата публикации
22 июля 2026
Дата обновления
22 июля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы