Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Әлеуметтік кодекс іс-шаралары аясында жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту іс-шараларына 8723 адам қатысты, оның ішінде 6737 адам немесе 77 %-ы - ауылдық жерлердің тұрғындары.

Барлығы 5981 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, соның ішінде бос жұмыс орындарына 3959 адам (жоспарда – 6500) жұмысқа орналастырылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 2022 жұмыссыз адам (жоспарда - 2565 адам), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 1459 адам (жоспарда - 1550 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 228 (280 адам) адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасы - 94 (485 адам), «Күміс жас» жобасы бойынша - 241 (250 адам).

Кәсіптік оқытумен 2330 адам (жоспарда - 2080 адам) қамтылды (оның ішінде: жұмыс берушілердің жұмыс орнында - 100 адам, білім беру ұйымдарында -77 адам, онлайн оқыту - 2153 адам (жоспарда - 1800 адам)).

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 412 адам (жоспарда - 1065 адам) оқытылды.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 грант (505,2 млн теңге сомасына) беру жоспарлануда.

Анықтама ретінде: Статистика деректері бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,4% (ҚР - 4,5%), әйелдер жұмыссыздығы деңгейі - 4,8% (ҚР - 5,0%), жастар жұмыссыздығы деңгейі - 4,7% ( ҚР - 3,0%) құрады.

Дата публикации
22 июля 2026
Дата обновления
22 июля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы