Тұтастай алғанда облыс бойынша 2026 жылғы 1 шілдедегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 2,5 мың адамды құрады.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мыналар:
542 отбасындағы 2440 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 179,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.
299 отбасына 12,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4 %-ға немесе 40 отбасына артты (2026 жылғы 01.07. – 259 отбасы).
19 890 азаматқа 1005,3 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4 %-ға немесе 1715 адамға артты (2026 жылғы 01.07. – 18 175 адам).
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ, Петропавл қ, Абай көшесi, 64, 8(715-2)-46-73-51 тел. нөмiрі бойынша толық ақпарат алуға болады.