Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының Хабарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары қаралды, сайлауды әзірлеу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамасын дайындау мәселесі қаралды, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне қатысатын басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру Жоспары бекітілді.

Өзге де мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Толық ақпаратты тиісті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.

Дата публикации
08 июля 2026
Дата обновления
08 июля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы