Нұр-Сұлтан қ. «Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталығы» ШЖҚ РМК өткiзген диагностикалық зерттеулер нәтижелерi бойынша, сынамалық хаттамаларға байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы елдi мекендердегi өлген және ауырған үй құстарынан және де дала құстарынан алынған биологиялық материал сынамаларда, құс тұмауы — ауруының аса қауiптi қоздырғыштары анықталды.
«Карантин немесе шектеу iс-шаралар қойылатын, жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына сәйкес, құс тұмауы карантин қойылатын жануарлардың жұқпалы аурулары тiзiлiмiне енгiзiлген.
Жоғарыда жазылғандар негiзiнде, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2-шi тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 817-т. көрсетiлген тәртiбiнде, «Карантин немесе шектеу iс-шараларын алу немесе бекiту Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 9 ақпандағы №7-1/86 бұйрығының 1-т. 4т. көрсетiлген тәртiпте, құс тұмауы — аса қауiптi жұқпалы ауруын оқшаулау және жою мақсатында осы қаулының жобасы шығарылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң ветеринария
басқармасының басшысы Б. Әлжанов