Өнеркәсіп.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 395 966,0 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –119,9%.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (84,2%), 2026 жылғы қаңтар-мамыр 333 386,5 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 119,4%.

2026 жылғы қаңтар-мамыр тамақ өнімдерінің өндірісі 162 792,4 млн. теңгені, НКИ – 104,6% -ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 37,1% алып жатқан машина жасау саласында 123 647,3 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 130,7%.
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінде 12 002,2 млн. теңгенің өнімі, НКИ – 222,1% өндірілді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2026 жылғы қаңтар- мамырда көлемі 52 624,9 млн.теңгені құрады, НКИ – 125,4%.
«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-мамырда өндіріс көлемі 7 077,0 млн. теңгені құрады, НКИ – 122,7%.
ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 3,3 мың жұмыс орнын құра отырып, 399,3 млрд. теңге сомасына 29 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 80 420,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылғы қаңтар-мамыр айының деңгейіне 102,8%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 27,3 мың тоннаны немесе 2026 жылғы қаңтар-мамыр айының деңгейіне 98,9% құрады.
Сүт –141,0 мың тонна (106,3%);
Жұмыртқа –261,4 млн. дана (104,3%).
2026 ж. 01.06. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 349,9 мың бас (103,0%);
о.і. сиыр – 162,1 мың бас (101,5%);
қой - 574,1 мың бас (103,1%);
ешкі - 11,1 мың бас (87,8%);
жылқы – 205,2 мың бас (109,6%);
шошқа – 184,3 мың бас (122,0%);
құс – 3 876,4 мың бас (102,0%).
Кәсіпкерлік.
2026 жылғы 1 маусымдағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 32,8 мың бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есептемегенде) 2026 жылғы қаңтар-сәуірде 362,1 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 45,2% артық, оның ішінде тауарлар экспорты – 248,1 млн, АҚШ доллары (71,8%-ға өсу), импорт – 114,0 млн, АҚШ доллары (8,7%-ға өсу).
Экспорт бойынша негізгі әріптестер Қытай (экспорттың барлық көлемінің 0,2%), Өзбекстан (0,2%), Ауғанстан (0,2%), Иран, Ислам Республикасы (0,1%), Тәжікстан (0,1%) болып табылады.
Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың барлық көлемінің 95,9% немесе 237,9 млн, АҚШ доллары (2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 74,3% -ға өсу).
Импорттық өнімді жетекші жеткізушілер Германия (импорттың барлық көлемінің 0,4%), Қытай (0,2%) болып табылады.
Импорттық жеткізілімдер құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» (импорттың барлық көлемінің 76,3% немесе 87,0 млн, АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (7,8% немесе 8,9 млн, АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (5,0% немесе 5,7 млн, АҚШ доллары), «Дайын мал және өсімдік тектес өнімдер азық-түлік тауарлары» (6,8% немесе 7,7 млн АҚШ доллары), «Тоқыма және тоқыма бұйымдары» (1,0% немесе 1,2 млн, АҚШ доллары), «Сүрек, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (0,7% немесе 1,0 млн, АҚШ доллары), «Минералдық өнімдер» (2,6% немесе 6,6 млн, АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2026 жылғы қаңтар- сәуірде 263,1 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 52,3% артық, оның ішінде тауарлар экспорты – 21,0 млн, АҚШ доллары (5,0%-ға өсу), импорт – 242,1 млн, АҚШ доллары (58,4%-ға өсу).
Негізгі капиталға инвестициялар.
2026 жылғы қаңтар-мамыр айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 161 020,9 млн. теңгені немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 104,6% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 52,0%), мемлекеттік бюджеттен (17,6%), кредиттері (5,4%) және басқа қарыздық қаражат (24,9%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (39,2%), өнеркәсіп (23,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,8%), көлік және қоймалау (12,0%).
Тұрғын үй құрылысы. 2026 жылғы қаңтар-мамыр облыс аумағында жалпы ауданы 53 927 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге 94,7% құрайды.
Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылы:
- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 3,6 млрд.теңге (МБ – 3,6 млн.теңге).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 4 131,6 млн. теңге.
Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 876,6 млн.теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы қантар-мамырда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4957 адамды құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,9% құрады, бұл 2025 жылғы сәйкес деңгейде.
2026 жылғы 1 маусымға 7426 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 4251 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды.
2026 жылғы 1 маусымға 519 азаматқа 138,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау»«Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 12 млрд. 337,9 млн. теңгені құрады, 2026 жылғы 1 маусымдағы жоспарындағы 3 млрд. 121,5 млн. теңгеден, 3 млрд. 119,0 млн. теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге арналған жылдық жоспар 1 млрд. 427,5 млн. теңгені (ЖБ – 1 млрд. 427,5 млн.теңге), есепті кезеңге арналған жоспар 578,4 млн. теңгені (ЖБ – 578,4 млн. теңге) құрады, 578,4 млн. теңге игерілді (ЖБ – 578,4 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар – 3 млрд. 300,6 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 396,8 млн. теңге, РБ – 1 млрд. 903,8 млн. теңге) есепті кезеңге арналған жоспар 507,4 млн. теңгені құрады (ЖБ), 507,4 млн. теңге игерілді (ЖБ);
- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2026 жылға барлығы 1 млрд. 658,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қайта қолдану)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1 547,5 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 432,8 млн. теңгеден игерілу 432,8 млн.теңгені немесе 100%-ды құрады;
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Қызылжар аудандық ауруханасы үшін ас блогын салу –100,0 млн. теңге;
«СҚО Петропавл қаласы Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көшесі мекенжайында сот-медициналық мәйітханасын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 10,7 млн.теңге.
Білім. «Білім» саласына 2026 жылға 162 698,2 млн. теңге қарастырылды.
2026ж.01.06 жоспардағы 67 853,9 млн. теңгеден игерілу 67 643,6 млн. теңгені немесе 99,7%-ды құрады.
Барлығы 2026 жылға білім беру объектілерін дамытуға 445,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 445,0 млн. теңге.
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамбыл ауылы мекенжайындағы Жамбыл мектебіне спорт залын салу – 104,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 30,1 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ш. Уәлиханов – Чкалов мекенжайында 280 орындық балабақша салу. Түзету - 341 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 341,0 млн. теңгеден игерілу 138,1 млн. теңгені құрады. Орындалған жұмыстар актілерінің уақытында ұсынбауына байланысты 202,9 млн. теңге игерілмеді.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3 723,4 млн. теңге бөлінді.Есепті кезең жоспарындағы 1 316,6 млн. теңгеден 1 315,4 млн. теңге немесе 99,9% игерілді.
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
2024-2025 жж. |
2025-2026 жж. |
|
|
Мектептер саны |
444 |
439 |
96,9% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2024 жыл |
2025 қантар-желтоксан жыл |
Қаңтар-мамыр |
2026 ж. 2025 ж. % |
|
|
2025 жыл |
2026 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
74,3 |
82,1 |
27,7 |
27,3 |
98,9 |
|
Сүт |
мың тонна |
370,7 |
382,7 |
132,6 |
141,0 |
106,3 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
602,7 |
630,1 |
250,7 |
261,4 |
104,3 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2026 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2026 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі
