СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Бұл шараға Петропавл қалалық және өңірдегі аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары және хатшылары «Zoom» бірыңғай байланыс жүйесі арқылы «online» форматында қосылды.
Жиында сайлау кампанияларын өткізу барысындағы құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары, сондай-ақ комиссия мүшелерін оқыту, ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды.