Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық          іс-шара қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы  № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңге тиімділік аудитін өткізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар белгілі болды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде ең көп бұзушылықтарға жол берген; специфика сомасын ағымдағы айдан және керісінше ауыстыру; коммуналдық қызметтер бойынша спецификаға алдын ала төлем жасау; іссапар шығындарын өтеу бойынша артық төлем жасау; қызметкерлерге жалақыны артық аудару; қызметкерлерге негізсіз сыйлықақы төлеу; дизель отынының жетіспеушілігі (талондар); № 434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мекеменің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жол берген бұзушылықтары, атап айтқанда, Мекеме мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастыруы тиіс болғанымен, олар 5 жұмыс күнінен кейін орналастырылған. Бұл бұзушылық «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің салдары болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеп, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аударып, уақытылы жою және бұдан әрі мұндай бұзушылықтарды болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет.

         

Дата публикации
12 июня 2026
Дата обновления
12 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы