2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында 18 950 өтініш түсті, бұл 5,7% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 17 856 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының артуы.
Ең өзекті мәселелер:
Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:
Петропавл қаласы (3469)
Қызылжар ауданы (861)
Тайынша ауданы (642)
Айыртау ауданы (409)
Жамбыл ауданы (332)
М.Жұмабаев ауданы (312)
Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 7388 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 81,3% (6011) – жеке тұлғалар және 18,7% (1377) – заңды тұлғалар.
Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 45,8% (3388), зейнеткерлер – 16,5% (1220), мүгедектік тобы бар адамдар – 3,8% (279), көп балалы отбасылар – 2,7% (201), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 2,7% (201).
Өтініш білдірушінің орташа жасы – 41 жас.
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 105 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 146), Үкімет Аппаратынан – 84 (2025 ж. – 28).
ТОП-5 СҰРАҚТАР:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 24%;
Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 21%;
Жер мәселелері – 5%;
Тұрғын үй мәселелері – 8%;
Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.
«Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында облыс басшылығы 40 жеке қабылдау жүргізді, 143 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 11 қабылдау, 55 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 29 қабылдау, 88 адам. (2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында облыс әкімі – 8 қабылдау, 42 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 33 қабылдау, 128 адам).
Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1195 қабылдау жүргізді, 1738 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында –1409 қабылдау, 1884 адам).
Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында 406 адам келді. 58 қабылдау өтті, 150 кеңес берілді, 97 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында – 555 адам келді, 76 қабылдау өтті, 251 кеңес берілді, 156 өтініш қабылданды).
Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында 3303 адам келді. 218 қабылдау өтті, 915 кеңес берілді, 1752 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында – 4756 адам келді, 405 қабылдау өтті, 2693 кеңес берілді, 206 өтініш қабылданды).
Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.