Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында және құқық қорғау органдарының, білім беру жүйесінің, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асырылуда.

Бүгінде облыста 129 мыңнан астам бала тұрады. Білім беру ұйымдарында 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп, білім алуда. Оның ішінде 14 мыңнан астамы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, 73 мыңнан астамы мектеп оқушылары және шамамен 4,5 мыңы колледж студенттері.

Ерекше назар ерекше бақылауды қажет ететін балаларға аударылуда. Білім беру ұйымдарындағы балалардың 14 пайыздан астамы әлеуметтік осал санатқа жатады. Мектепішілік есепте 835 бала тұрса, олардың 47-сі құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін полиция есебіне алынған.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен 16 мыңға жуық педагог айналысады. Олардың қатарында 478 педагог-психолог пен 437 әлеуметтік педагог бар. Соңғы екі жылда буллингтің, зорлық-зомбылықтың және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша 703 маман арнайы оқытудан өтті. 2027 жылдан бастап педагог-психологтардың жалақысын кезең-кезеңімен екі есеге арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар психологтарды өздеріне тән емес қызметтерден босату бойынша шаралар қабылдануда.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын 2026–2030 жылдары іске асыру шеңберінде өңірлік жоспар бекітілді. Ол 96 іс-шараны қамтиды, оның ішінде 29-ы Солтүстік Қазақстан облысының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға шамамен 13 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар бірқатар алаңдатарлық үрдістер сақталуда. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 6-дан 14 дерекке дейін өсті. Өсімнің ең жоғары көрсеткіші Петропавл қаласында, Ғабит Мүсірепов атындағы және Мамлют аудандарында тіркелді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 24-тен 40 дерекке дейін өсіп, оның ішінде балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар да көбейген.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қосымша білім беру ұйымдарында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, кәсіптік бағдар беру іс-шаралары, жаттықтырушылармен, педагогтармен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Жазғы кезеңде есепте тұрған балалар мен әлеуметтік осал санаттағы балалардың барлығы демалыспен, үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтылатын болады.

Өңірде заманауи профилактикалық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. «Балалық шақтың цифрлық сақшысы» жобасы аясында 44 мектепте «PROTECTOR AI» жүйесі енгізілді. Балалардың анонимді өтініштерін қабылдау үшін барлық оқулықтарға QR-кодтары орналастырылған «SKO URPAK» телеграм-боты жұмыс істейді.

Полиция департаментімен бірлесіп облыстың төрт мектебінде «Жас сақшы» және «Жас заңгер» жобалары жүзеге асырылуда. Оларға 200-ге жуық оқушы қатысады. Болашақта мұндай жобаларды өңірдің барлық мектептерінде ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Петропавл қаласының бес мектебінде прокуратура және құқық қорғау органдарының ардагерлерін тарта отырып тәлімгерлік жобасы іске асырылуда.

Қақтығыстар мен буллингтің алдын алудың қосымша тетігі ретінде мектеп медиациясы дамып келеді. Қазіргі уақытта облыс мектептерінде 30 медиатор жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – жанжалдарды ерте кезеңде шешу және буллингтің алдын алу.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жалғасатын болады. Барлық мүдделі органдардың басты міндеті – тәуекелдерді дер кезінде анықтау, профилактикалық жұмысты күшейту және әрбір бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Дата публикации
03 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы