Меню

Страницы

Статья

Отбасылық дәстүрлерден әйелдер көшбасшылығына дейін: Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық құндылықтар қалай нығайтылуда

Отбасылық дәстүрлерден әйелдер көшбасшылығына дейін: Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық құндылықтар қалай нығайтылуда

Отбасын қолдау, әйелдердің әлеуетін дамыту және дәстүрлі құндылықтарды сақтау Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Бүгінде өңірде отбасы институтын нығайтуға және қоғамның үйлесімді дамуына жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әртүрлі санаттағы отбасыларды қолдауға, отбасылық дәстүрлерді насихаттауға, әйелдердің қоғамдық өмірдегі рөлін арттыруға және жастарды адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл бағыттағы жұмыстың ең тиімді тетіктерінің бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. 2026 жылы жалпы сомасы 18 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру көзделген. Олардың мазмұны: әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру бағдарламаларын өткізу және тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтылған.

Жұмыста ауылдық елді мекендерде тұратын әйелдерді қолдау ерекше орын алады. Олар үшін жаңа білім алуға және кәсіби әрі тұлғалық даму мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайтын оқыту курстары, тәжірибелік семинарлар, тәлімгерлік бағдарламалар және кеңес беру кездесулері ұйымдастырылады.

Өңірде үлгілі отбасыларды насихаттау жұмысы да жалғасуда. Бұл бағытта жыл сайын берік отбасылық қарым-қатынасты, дәстүрлерге деген құрметті және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы маңызды рөл атқарады. 2025 жылы республикалық кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының атынан Шал ақын ауданынан шыққан Өзбековтер отбасы қатысты. Келесі конкурс 2026 жылдың тамыз айында өтеді.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі зор үлес қосуда. Кеңес мүшелері жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру арқылы отбасылық дәстүрлерді нығайтуға және отбасы институтына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Еңбек әулеттерін, көпбалалы отбасыларды және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан отбасыларды насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай бастамалар еңбекке деген құрметті арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және үздік отбасылық дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Отбасы және гендерлік саясат мәселелерін жария ету үшін өңірлік телеарналар, баспа және интернет-басылымдар, сондай-ақ әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады. Облыс тұрғындарына мемлекеттік қолдау шаралары, табысты отбасылардың тәжірибесі және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бастамалар туралы тұрақты түрде ақпарат беріледі. 2025 жылдың басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырып бойынша 250-ден астам материал жарияланған.

Отбасы саясатын іске асырудағы кешенді тәсіл Солтүстік Қазақстан облысында отбасы институтын жүйелі түрде нығайтуға, қоғамдық келісімді дамытуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
03 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы