Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысындағы отбасы саясаты: дәстүрлі құндылықтарды нығайту және отбасын қолдау бағыты

Солтүстік Қазақстан облысындағы отбасы саясаты: дәстүрлі құндылықтарды нығайту және отбасын қолдау бағыты

 

Солтүстік Қазақстан облысында отбасы институтын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Өңірде ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қазақстандық отбасының оң имиджін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыс кешенді түрде жүргізіліп, белсенді отбасыларды қолдаудан бастап ауқымды ағартушылық жобаларды іске асыруға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

Отбасылық құндылықтарды насихаттауға және отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін таратуға ықпал ететін республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы Шал ақын ауданынан шыққан Өзбековтер отбасы атанып, Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық деңгейде қорғады. Биыл конкурс тамыз айында өтеді, ал оны өткізуге байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірде 15 мамырдан басталды.

Отбасы және гендерлік саясатты іске асырудың маңызды құралдарының бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. 2026 жылы өңірде жалпы сомасы 18 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру жоспарланған. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы 11,8 миллион теңге көлемінде қаржыландырылған 15 жоба жүзеге асырылды. Қаржыландыру көлемінің артуы мемлекет тарапынан отбасыны, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.

Жобалар аясында білім беру және ағартушылық іс-шаралар, форумдар, конференциялар, оқыту мектептері, кеңес беру кездесулері мен тәлімгерлік бағдарламалар өткізіледі. Әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, соның ішінде ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге ерекше назар аударылады.

Отбасылық құндылықтарды нығайтуда Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі маңызды рөл атқарады. Оның қызметі ана мәдениетін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, жастарды тәрбиелеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Кеңес өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, кездесулер, диалог алаңдары мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырады.

Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласындағы жұмыстарды үйлестіруді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Комиссия өңірдегі ахуалға мониторинг жүргізіп, сараптамалық талқылаулар, қоғамдық консультациялар мен ақпараттық-түсіндіру науқандарын ұйымдастырады. Бұл жұмыстар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және отбасы институттарын нығайтуға бағытталған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірде қолайлы әлеуметтік ахуал қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Отбасы саясатын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді және алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дата публикации
03 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы