Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2020 жылғы қаңтар-тамыз нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 182 054,1 млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 6,8%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (75,1%), 2020 жылғы қаңтар-тамызда 136 762,6 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 7,8%-ға жоғары.

2020 жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдерінің өндірісі 90 214,4 млн.теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 4,4%-ға, тоқаш-нан, макарон және ұн өнімдерінің өндірісі 3,4%-ға, өсімдік және мал майлары мен тоң майларының өндірісі 24,6%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 15,6%-ын алатын машина жасау саласында 28 339,7 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыз көлемінен 34,2%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 3 290,7 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 3 763,2 млн. теңгеге шығарылды.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласындағы көлем 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 2,8%-ға жоғары және 35 862,9 млн.теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда сумен жабдықтау саласының көлемі 7 242,8 млн. теңгені құрады.

2020 жылы ИИДМБ аясында 600 жұмыс орнын құрумен құны 10,7 млрд.теңгеге 6 жобаны іске асыруы енгізілді.

Ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 207 362,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылғы қаңтар-тамызда деңгейіне 110,9%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 62,2 мың тоннаны немесе 2019 жылғы қаңтар-тамызда 106,2% құрады.

Сүт — 428,8 мың тонна (105,3%),

Жұмыртқа — 458,7 млн. дана (82,5%).

2020 ж. 01.09. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 415,6 мың бас (103,3%);

с.і. сиыр — 204,4 мың бас (103,5%);

қой мен ешкі — 447,6 мың бас (103,8%);

жылқы — 140,8 мың бас (104,7%);

шошқа — 214,1 мың бас (103,5%);

құс — 5 064,3 мың бас (92,6%).

Кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қыркүйекке облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 29 584 бірлікті құрады немесе 2019 жылғы сәйкес дата деңгейі 3,6%-ға төмен.

Инфляция. 2020 жылғы қаңтар-тамыз айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 4,7% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 7,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 2,8%, ақылы қызметтердің бағасы — 2,6%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-тамызда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 139 960,2 млн. теңгені немесе 2019 жылғы ұқсас кезеңге 114,5% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 60,1%), бюджеттік қаражат (24,8%), банк кредиттері (3,4%) және басқа қарыздық қаражат (11,7) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (49,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,8%), өнеркәсіп (13,4%), көлік және қоймалау (13,2%).

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар-тамызда облыс аумағында жалпы ауданы 96 972 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге 112,8% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2020 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға — 3 700,8 млн.теңге (РБ — 2 894,7 млн.теңге, МБ — 806,1 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша игеру 2 190,4 млн. теңгені құрады.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 963,5 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша игеру 1 844,4 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша — 1 179,3 млн.теңге (РБ — 1 025,5 млн.теңге, МБ — 153,8 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша игеру 303,6 млн. теңгені құрады.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы және күрделі жөндеу) жергілікті бюджеттен — 1 321,3 млн. теңге бөлінген. Игеру а.ж. мамыр айынан басталды және 709,7 млн. теңгені құрайды.

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2020 жылғы қантар-тамызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 6140 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,1%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 2 пайызды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезенгі деңгейден 0,4%-ға жоғары.

2020 жылғы 1 қыркүйекке 10649 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 22762 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 3919 адам жіберілді.

2020 жылғы 1 қыркүйекке 9492 азаматқа 482,0 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі облыстың денсаулық сақтау жүйесі құрамында 19 аурухана ұйымы бар медициналық ұйымдар желісімен ұсынылды, оның ішінде 4 облыстық ұйым, 2 қалалық аурухана, 12 АБ, 63 амбулаториялық-емханалық ұйым, оның ішінде 58 дәрігерлік амбулатория, 3 қалалық емхана, облыстық стоматологиялық емхана және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық, сонымен қатар облыста 426 медициналық пункт пен 44 ФАП бар.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 439,9 млн. теңгені құрады, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жоспардағы 4 млрд 903,1 млн.теңгеден 4 млрд 692,8 млн. теңге немесе 95,7% игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 1 млрд. 352,8 млн. теңге (ЖБ — 836,6 млн. теңге, РБ — 516,2 млн. теңге ), есепті кезең жоспары 502,8 млн.теңгені құрады (РБ — 237,7 млн.теңге), атқарылғаны 482,8 млн. теңге(РБ — 217,8 млн.теңге);
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 172,2 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 991,7 млн. теңге ЖБ — 1 млрд. 180,5 млн. теңге), есепті кезең жоспары 403 млн.теңгені құрады (ЖБ — 403 млн.теңге), атқарылғаны 403 млн. теңге;
  • жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен денсаулық сақтау саласы бойынша — 528,0 млн.теңге, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 434,9 млн. теңге көзделді, есепті кезең жоспары 283 млн.теңгені құрады, атқарылғаны 283 млн. теңге.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 74 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 13 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 402 шағын-орталық (7 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 469 бірлікті құрайды.

Білім беру жүйесін дамытуға 2020 жылы 89,1 млрд. теңге бөлінді.

2020 ж. 01.09 жоспардағы 56,2 млрд.теңгеден игерілу 55,9 млрд.теңгені немесе 99,5% құрады.

Барлығы 2020 жылы білім беру объектілерін дамытуға  жергілікті бюджеттен 4184,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен 522,8 млн.теңге

  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл а. мекенжайында сыртқы инженерлік желісімен және абаттандырумен 300 орынға арналған мектеп салуға. Есепті кезең жоспарындағы 400 млн. теңге қаражат толық игерілді.

Жергілікті бюджеттен 1243,7 млн. теңге бөлінді.

  • Петропавл қаласында 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп салуға — 876,6 млн. теңге. Қаржыландыру жоспары маусым айынан бастап.
  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы мекенжайында сыртқы инженерлік желісімен және абаттандырумен 300 орындық мектеп салуға — 256,1 млн.теңге. Есепті кезең жоспарында 154 млн.теңге, игерілу 100% құрады.
  • Петропавл қаласы «Жас өркен» ықшам ауданында Позолотин Т.С. — Амангелді — Труд — М.Горький көшелері шекарасында 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп салуға — 96 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 96 млн.теңгеден игерілу 72,6 млн.теңгені құрады. 23,4 млн. теңге игерілмеді — пайдалануға беру туралы актіден кейін төленетін 5%-дан қалған қалдық, ескертулер жойылғаннан кейін төленеді.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 10550,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 5793,2 млн.теңгеден игерілу 5535,2 млн. теңгені немесе 95,5% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2018 жыл

Қаңтар- желтоқсан 2019 жыл

Қаңтар-тамыз

2020 ж. 2019 ж. %

2019 жыл

2020 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

93,9

97,2

58,6

62,2

106,2

Сүт

мың тонна

555,0

567,7

407,2

428,8

105,3

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

809,4

802,9

556,3

458,7

82,5

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2020 жылғы қаңтар-тамызда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 197,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге 119,8%, соның ішінде тауарларды экспорттау — 108,5 млн. АҚШ доллары (2,2%-ға қысқару), импорт — 89,4 млн. АҚШ доллары (51,4%-ға ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 19,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 31,8%), Өзбекстан (24,2%), Қытай (12,8%), Тәжікстан (8,0%), Польша (7,8%), Бельгия (4,7%), Моңғолия (4,1%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 97,2%-ы немесе 105,5 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 21,5%), Франция (13,9%), Германия (13,5%), АҚШ (6,9%), Украина (6,0%), Канада (4,2%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 67,4%-ы немесе 60,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (12,1%-ы немесе 10,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,9%-ы немесе 10,7 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (2,8%-ы немесе 2,5 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2020 жылғы қаңтар-шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 237,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 19,1% артық, соның ішінде импорт — 216,9 млн. АҚШ доллары (28,0% артық), экспорт — 21,0 млн. АҚШ доллары (30,9% кем).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-тамыз бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
13 октября 2020
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы