Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы  № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 31 наурызға қоса алғандағы кезеңге тиімділік аудитін жүргізді.

Мекеме қызметінің тиімділігін талдау барысында аудитпен қамту кезеңінде облыстық деңгейде өткізілетін іс-шараларға жекелеген спорт түрлерінен ауданның спортшылары мен спорттық құрама командаларының қатысуына ақша жұмсау кезінде қол жеткізілген нәтиже бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті деп бағалауға болады. Спортшыларды қамтамасыз етуге, іссапарға, жарыстарға қатысуға жұмсалған шығын бөлінген бюджет қаражатының көлеміне сәйкес нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етпегенін талдау көрсетті.

Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде нысаналы индикаторларға және жеткілікті спорт нәтижесіне қол жеткізуді қамтамасыз етпеген. Жоспарлау тиімділігін арттыру, нәтижеге қол жеткізуді бақылауды күшейту, сондай-ақ спортшыларды қаржыландыру мен даярлау тәсілдерін қайта қарау жөнінде шара қабылдау талап етіледі.

Аудит нәтижесі бойынша Мекеме өз қызметін ереже мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады деген қорытынды жасауға болады. Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеменің корпоративтік карта бойынша бюджет қаражатын пайдалану кезінде жарыстарға арналған шығын бойынша есептер ұсынбағаны; іссапар шығыны бойынша артық төлем жасағаны; сыйлықақыны негізсіз аударғаны; негізгі құралдар мен қор бойынша жетіспеушілік болғаны, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шара қолданбағаны; мемлекеттік сатып алуды № 434 Заңды, № 106 Заңды бұзып жүзеге асырғаны анықталды.

Корпоративтік картамен операция бойынша есептіліктің және растайтын құжаттардың болмау фактісі – қаржы тәртібін және бюджет қаражатын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өрескел бұзудың айғағы.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме жол берген бұзушылықтар, атап айтқанда сотқа өздері қабылдаған шарт міндеттемесін толық орындамаған Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен жүгінбеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білудің, нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтамаудың, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тарапынан лауазымдық және тұрақты бақылаудың болмауының салдары болды. Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Жаңадан қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеп, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижесі бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, ондай бұзушылықты уақытылы жою және одан әрі оған жол бермеу жөнінде кешенді шара қабылдау қажет.

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
26 мая 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы