Меню

Страницы

Статья

Облыста әскери міндеттілер жиыны өтті

2025 жылдың 15-24 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында аумақтық қорғаныс әскери міндеттілерінің әскери жиыны өтті. Жиынға 78 адам шақырылды. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары бекіткен жоспарға сәйкес өтті.

Әскери жиын жергілікті атқарушы органдар, аумақтық қорғаныс бригадасы, сондай-ақ жергілікті қорғаныс істері жөніндегі, полициямен және Төтенше жағдайлар бөлімдерімен тығыз байланыста ұйымдастырылды және өткізілді.

Аумақтық қорғаныс бригадасының офицерлері мен сержанттары әскери міндеттілердің жеке дайындығын және бөлімшелердің дайындығын ұйымдастырып, өткізді. Тартылған жеке құрам жоғары деңгейдегі әскери дайындық пен тәртіпті көрсетті.

Аумақтық қорғаныс әскери жиындары жыл сайын өткізіледі. Жиынның негізгі мақсаты – әскери міндеттілердің, бөлімшелердің, әскери басқару органдарының қажетті деңгейдегі дайындығына қол жеткізу, сақтау және жетілдіру, мақсатына сәйкес келіп, жауынгерлік міндеттерді табысты орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

Дата публикации
25 мая 2026
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы