2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында 14 493 өтініш түсті, бұл 1% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 14 378 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының артуы.
Ең өзекті мәселелер:
22% - білім беру (3 204 өтініш) 2025 жыл – 2849.
13% - жер пайдалану (1 873) 2025 жыл – 1 939.
14% - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері (2010) 2025 жыл – 2 845.
8% - ауыл шаруашылығы (1121) 2025 жыл – 993.
4% - әлеуметтік қорғау (521) 2025 жыл – 275.
Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:
Петропавл қаласы (2744)
Қызылжар ауданы (682)
Тайынша ауданы (545)
Жамбыл ауданы (275)
М.Жұмабаев ауданы (270)
Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 6173 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 80,8% (4986) – жеке тұлғалар және 19,2% (1187) – заңды тұлғалар.
Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 46,5% (2872), зейнеткерлер – 16,2% (1001), мүгедектік тобы бар адамдар – 3,9% (241), көп балалы отбасылар – 2,7% (122), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 2,8% (173).
Өтініш білдірушінің орташа жасы – 42 жас.
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 84 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 89), Үкімет Аппаратынан – 62 (2025 ж. – 63).
ТОП-5 СҰРАҚТАР:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 24%;
Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 21%;
Жер мәселелері – 5%;
Тұрғын үй мәселелері – 8%;
Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.
«Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыс басшылығы 31 жеке қабылдау жүргізді, 93 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 8 қабылдау, 24 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 23 қабылдау, 69 адам. (2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыс әкімі – 7 қабылдау, 38 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 27 қабылдау, 102 адам).
Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1000 қабылдау жүргізді, 1426 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында –1094 қабылдау, 1569 адам).
Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында 308 адам келді. 47 қабылдау өтті, 112 консультация берілді, 72 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында – 444 адам келді, 68 қабылдау өтті, 184 консультация берілді, 136 өтініш қабылданды).
Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында 2 402 адам келді. 161 қабылдау өтті, 658 консультация берілді, 204 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында – 4135 адам келді, 361 қабылдау өтті, 2170 консультация берілді, 204 өтініш қабылданды).
Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.