СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Бұл шараға өңірдегі аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты. Сондай-ақ, сайлау комиссиялары төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары «Zoom» бірыңғай байланыс жүйесі арқылы жиынға «online» форматында қосылды.
Жиында сайлау кампаниясын өткізу барысындағы құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары, сондай-ақ ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды.