Меню

Страницы

Статья

Шағын және орта бизнесті дамыту

2026 жылғы 1 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 33,8 мың бірлікті, өсу қарқыны 94,6%–. құрайды (оның ішінде заңды тұлғалар – 6 273 бірлік, ЖК – 23 319 Бірлік, ШҚ және ФҚ-4 073 бірлік).

ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1,3 есеге ұлғайып, 1874,2 млрд.теңгені құрады (2024 жылы – 1396,6 млрд. теңге), өнім шығарудың НКИ 119,9% - ға жетті.

2025 жылғы қаңтар – желтоқсанда облыстың ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 106,0 мың адамды құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында 88,0 мың адам, орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында 18,0 мың адам.

2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 5,1 пайыздық тармаққа ұлғайды және 32,7% (2024 жылдың 4 тоқсанында – 27,6 %), экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі – 7,4%, 1,0 пайыздық тармаққа өсім (2024 жылдың 4 тоқсанында – 6,4%) құрайды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын ұлғайту бірінші кезекте кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын белсенді іске асыруға байланысты.

2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 2,8 млрд. теңге қарастырылған оның ішінде:

- субсидиялау құралы бойынша 2,7 млрд. теңге;

- кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруге 100 млн. теңге;

- гранттық қаржыландыруға - 38,8 млн. теңге.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпкерлік мәселелері бойынша 17 Сараптамалық кеңес өтті, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына 17 хаттама берілді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ӘКС) тізілімінде 16 әлеуметтік кәсіпкер бар, оның ішінде: Петропавл қаласында 14, Айыртау ауданында - 1. Қызылжар ауданында -1): «Medicinskii Centre Kot&Kit» ЖШС (Кот & Кит медициналық орталығы), «Есту Формуласы» ЖШС, «Панацея» отбасылық медицина орталығы» ЖШС, «Тренинг ЦентрКөмек» ЖК, «Говоруша» Түзету-дамыту орталығы, «Митралия» ЖШС, ЖК «Самоволов В.А.», ЖК «Кардаполов Виталий Сергеевич», «Казахстанское долголетие» ЖШС, ЖК «Жүнісова Динара Төлегенқызы», ЖК «Step by step», ЖК «Могунова», ЖК «Ишимский берег», ЖК «DARA» білім орталығы», ЖК «Жүнісова Азиза Жалғасбайқызы», «АБВГДЕЙКА» ЖШС (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 ж. 02.04. №93бұйрығы).

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы